Шығыстану институтының директоры Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесті

417

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы мырзамен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында келешекте түрік бірлігі және оны нағайтуға қатысты ортақ жобаларды бірлесіп жасау туралы кеңінен сөз қозғалды.

Институт директоры Бас консулды Шығыстану институтының тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар және  ғылыми жобаларымен кеңінен таныстырды. Бүгінде, Институт Қазақстанның шығыстану саласындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылатынын атап өтті.

Өз кезегінде Бас консулы Али Рыза Акынжы мырза Шығыстану институтының жұмысына сәттілік тілеп, кітаптар тарту етті.

Институт директоры Д. Мәсімханұлы  консул мырзаға кездесу үшін алғысын білдіріп, институттың жанынан шығатын басылымдарды сыйға тартты.