ШЫҒЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕСІ: ТАРИХИ МҰРА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢА ҒЫЛЫМИ КӨКЖИЕКТЕР

11

2026 ж. 14 қазан күні Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстан мен Шығыс әлемінің тарихи-мәдени, саяси-экономикалық қарым-қатынастары: тарихы, бүгіні және даму беталысы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Тынымбайұлы Қарин, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат минстрі Арман Оразбайұлы Қырықбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев құттықтаулар табыстады. Сонымен қатар, серіктес халықаралық ұйым басшылары да өз лебіздерін білдірді: Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) бас директоры (Ыстамбұл, Түркия) Mahmud Erol Kılıç және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Султан Акимович Раев бейнеқұттықтау жолдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласын Діни басқарма жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, филол.ғ.к., доцент Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр жеткізді.

Қазақстандағы Шығыс елдерінің Елшіліктері мен дипломатиялық корпус өкілдері ерекше құттықтаулар жолдады: Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади (өзі келеді), Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Су Фанцю мырза, консул, саяси мәселелер және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Чэнь Сянюнь және Консул-атташе Сунь Хаоюй, Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Самех Шехата, Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли бин Абдуллах, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима.

Сонымен қатар, тығыз ынтымақтастық байланыстар орнатқан көршілес елдердің Шығыстану институттарының басшылары өз құттықтауларын білдірді: Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институтының директоры, профессор Ирина Федоровна Попова (Санкт-Петербор қ., Ресей); Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахимов Камилжон Рахматович (Ташкент, Өзбекстан); Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының З.М. Буниятов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әзербайжан Республикасы ҰҒА академигі Бахшалиева Гёвхар Бахшали кызы (Баку қ., Әзербайжан); Рицумейкан университеті Кинугаса ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.д. (Киото қ., Жапония) онлайн байланысқа шығып құттықтауларын жеткізеді. ҚХР Шаанси педагогикалық университетінің (Shaanxi Normal University) ректоры Ю Сюйцюнь құттықтауын арнайы әкелген ҚХР Шаанси педагогикалық университетінің (Shaanxi Normal University) профессоры Рахымжан Сауытұлы сый-сияпатын жасап, құттықтауды жеткізід.

Бұдан бөлек, қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, декандары және меңгерушілері өз құттықтаулары жеткізді: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Қасенұлы Ибраимов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мырзахан Шәріпбайұлы Эгамбердиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Досбол Сүлейменұлы Байғонақов, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті Мухаммад Уирдани Абду ар-Родый, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің деканы Гүлнар Өсербайқызы Бірімқұлова, «Тұран» университетінің Ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанұлы Алшанов, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Ректоры Сәлима Сағиқызы Құнанбаева, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің деканы Эльмира Маратқызы Қағазбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Басқарма Төрағасы – Ректоры Болат Анапияұлы Тілеп, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА академигі Алтынбек Нухұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Ректоры, э.ғ.к. Марат Қадырұлы Сырлыбаевтың құттықтауы оқылды.

30 жылдық мерейтойға өз ықыластарын білдіру үшін көрші әрі әріптес мекеме басшылары өз құттықтауларын жеткізді: М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филол.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов өзі келіп тілектестігін танытты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлының құттықтауын директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Шәмек Баянұлы жеткізеді, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, социология ғылымдарының докторы Айгүл Кәкімбекқызы Сәдуақасова, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК бас директоры Сейдін Нұрлан Бақытжанұлының құттықтаап келіп қатысты.

Архив және кітапхана директорлары: ҚР Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сағила Есімсейітқызы, Орталық мемлекеттік архив директоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің» директоры Жұматаева Баян Амантайқызы арнайы қатысып, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы құттықтауын жолдады.

Мемлекет және қоғам қайраткерлері: ЮНЕСКО қамқорлығындағы «Мəдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы» директоры, ҚР-ның Еңбек Ері, халық жазушысы, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Өтеген Оралбайұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Әбдешұлы Құлкенов, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің директоры, бизнес-әкімшілендіру докторы (PhD) Талғат Мамырұлы, «ALEMDIK ULY QAZAQ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, философия докторы (PhD, Дінтану) Құсман Кәрімұлы, «МКА «Инжиниринг» ЖШС құрылтайшысы Зейнолла Сәуле Жанатқызының құттықтаулар жолдады.

Конференция барысында отандық көрнекті ғалымдар мен қазақ мәдениеті мен әденбиетінің ірі тұлғалары сөз алды: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ҚазҰУ жанындағы «Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филол.ғ.д, профессор Жанғара Дəдебайұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі Қансейіт Әбдезұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азия зерттеулері институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Герман Николаевич.

Жиын соңына қарай Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану нститутының негізін қалап, басқарған директорлар мен өмірден өткен абзал жандардың жары мен балаларына Бас директор Дүкен Мәсімханұлы ыстық ықылас білдіріп, иығына шапа жауып, қамзол кигізді: академик Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтің жары – Нурикамал Нығметқызы, ұлы Еркін Рамазанұлы, Лейла Рамазанқызы, Институттың тұңғыш директоры ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлы Қажыбек, Институтты 15 жыл басқарған белгілі шығыстанушы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Меруерт Қуатқызы Әбусейітова, Институт директоры болған әйгілі ғалым Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлінің жұбайы, «Академик, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі» жеке қорының құрылтайшысы Рафия Бәкірқызы, Институттың Ұйғыртану орталығында көп жыл меңгеруші болған, т.ғ.д., профессор Рисалат-Биби Усмановна Каримоваға құрмет көрсетілді.

Конференцияға 75 баяндама ұсынылды. Барлық баяндамалар конференцияға дейін жарық көрген мақалалар жинағында жарияланды. Ғылыми жинаққа халықаралық конференция қатысушыларының Қазақстан мен Шығыс елдерінің өзара қарым-қатынастары, байланыстары, ынтымақтастығы, сондай-ақ олардың мәдениеті мен тарихына һәм әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өзекті мәселелерге арналған баяндамалар мен мақалалар енгізілді. Тақырыптық бағыттар бойынша сегіз секцияда берілген мақалаларда Шығыстану ғылымының негізгі зерттеу проблемалары көрініс тапты. Атап айтқанда:

І-секция. Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы саласындағы сыртқы саяси трансформациялар

ІІ-секция. Қауіпсіздікті нығайту мен ТМД, ШЫҰ, АӨСШК, ТМҰ және ИЫҰ тәрізді ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы қазақстандық бастамалар контексіндегі «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» диалогы

ІІІ-секция. Жібек жолы дамуының тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық аспектілері

ІV-секция. Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі

V-секция. Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен шығыс елдеріне жасайтын ықтимал ықпал-әсері

VI-секция. Қазақстан, Орталық Азия мен Шығыс елдері халықтарының тарихы, діні және мәдениетіне қатысты жаңа шығыс және батыс еуропалық жазбаша, мұрағаттық, ауызша материалдар, артефактілер

VII-секция. Ислам әлемі және Орталық Азия аймағындағы діни ахуал

VIII-секция. Отандық түркологияның даму беталысы және түркі тілдес мемлекеттердің интеграциясы

Конференцияның барысында келесі кітаптардың салтанатты тұсаукесері өтті:

  1. «Ордалы Отыз жыл» кітап-альбомы (Абзал Нүкенов, Б. Көмеков, Х. Әбжанов),

2.«Қазақстан мен Шығыс әлемінің тарихи-мәдени, саяси экономикалық қарым-қатынастары: тарихы, бүгіні және даму беталысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы,

  1. Söylemez, Orhan; Ateş, Ömer Faruk. Düken Mesimhanulı ve Şiir Dünyası. – Ankara: Spicaworks Yayınları, 2025. – 208 s..

Конференцияда ғылыми байланыстарды нығайту мақсатында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві арасындағы меморандумға қол қойылды.

slot danahttps://cefta.int/