Шығыстану институтының жаңа кітабы жарық көрді

1081

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру аясында жүзегеасырылып жатқан «Шығыс елдеріндегі ынтымақтастықты дамыту және өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты» (ОR11465457)жобасы бойынша «Экономический взгляд на сотрудничество Казахстана и стран Востока: анализ и перспективы (в порядке постановки и решения проблем) (Қазақстан мен Шығыс елдерінің ынтымақтастығына экономикалық көзқарас: талдау және болашағы (мәселелерді қою және шешу реті бойынша) атты монографиялық еңбекті жарыққа шығарды.

Бұл жұмыста Қазақстан мен Шығыс елдерінің ынтымақтастығы мен қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу мен қалыптастыруға деген авторлардың ой-пікірлері берілген. Қазақстан мен Шығыс елдері үшін экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және аймақтық қауіпсіздік архитектурасын құру бойынша алға қойылған міндеттерді шешу мүмкіндігі негізделеді. Осыған байланысты, ағымдағы өзгерістер, тәуекелдер мен сыртқы шоктарды ескере отырып, ел және өңірлік ауқымдағы өзара іс-қимылдың ықтимал контурлары мен форматына талдау жасалды. Қазақстанның сыртқы саясатының шығыс бағытында дамып келе жатқан халықаралық қатынастар құрылымындағы елдің маңызы мен имиджін ескере отырып, Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін бағалау қажеттілігі айқындалды.

Ғылыми жарияланым елдік және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік басқару және сыртқы саяси қызметті реттеу саласындағы зерттеушілер, сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ шығыстану, экономика және аймақтану форматында оқитын докторанттар мен магистранттардың қызығушылығын тудырады.

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/