ҚОЛДАУЫҢЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Ватиканның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Жоғары Мәртебелі Архиепископ Джордж Панамтундил 2026 жылғы 25 қыркүйекте өткен «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы: Ватикан және Еуропа қорларындағы жаңа деректер мен материалдар» атты халықаралық ғылыми конференциямызда құттықтау сөз сөйледі. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының басшылығы мен ұжымы атынан Жоғары Мәртебелі Архиепископ Джордж Панамтундилге конференциямызға қатысып, мазмұнды құттықтау сөз арнағаны, ғылыми және мәдени ынтымақтастықты қолдағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.














