🎖️ *ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ҒҰМЫРҒА – ҚҰРМЕТ ПЕН ҚОШЕМЕТ!*

2026 жылғы 30 қазанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым, профессор *Дандай Ысқақұлының 80 жылдық мерейтойына* арналған салтанатты шара өтті.
Мерейтой барысында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор *Дүкен Мәсімханұлының* құттықтау хатын институттың ғылым жөніндегі орынбасары, философия докторы (PhD) *Бағдат Даниярұлы Дүйсенов* салтанатты түрде табыстады.



✨ Сондай-ақ мерейтой иесіне отандық ғылымның дамуына қосқан елеулі еңбегі мен ғылыми мұрасына көрсетілген құрметтің белгісі ретінде *«Шығыстану ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі* табысталды.
📚 *Сексен жылдық ғұмыр – ғылым мен әдебиетке арналған өнегелі өмірдің айқын көрінісі!*
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы ардақты ғалымды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт пен ғылыми табыс тілейді!
*Мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын!*











