ҚОЛДАУЫҢЫЗҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 25 қыркүйекте Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы: Ватикан және Еуропа қорларындағы жаңа деректер мен материалдар» атты халықаралық ғылыми конференцияға арнайы құттықтау хатын жолдады.
Құрметті Саясат Нұрбек мырза!
Институт басшылығы мен ұжымы атынан конференциямызға білдірген қолдауыңыз бен жылы лебізіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздің құттықтау хатыңыз – шығыстану ғылымын дамыту жолындағы еңбегімізге көрсетілген қолдау әрі ғылыми қауымдастық үшін үлкен мәртебе.













