Венгриялық ғалымдармен кездесу

561

Шығыстану институтының қызметкерлері Венгрияның Алматыдағы консулы Петер Шиклос пен Венгрия Ғылым Академиясы Этнография институтының ғалымдары Давид Шомфай Кара және Иштван Шантамен кездесіп, екі ел шығыстанушылары мен түркологтары арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері кеңінен сөз болды.

Кездесу барысында ғалымдар Венгриядан шыққан атақты шығыстанушы, саяхатшы, этнограф ғалым Альмаши Дьердяның Қазақстанға жасаған сапары туралы баяндама жасады. ҒалымДавид Шомфай Караның қысқа метражды документалды фильмі көрсетілді.

Кездесу соңында Шығыстану институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ғалымжан Дүйсен тағылымды кездесу үшін ғалымдар мен консулға алғысын білдіріп, институт ғалымдарының кітаптарын сыйға тартты.