Түркістанда қос кітаптың тұсаукесері өтті

949

2022 жылдың 9 сәуірінде Түркістан қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Республикалық географтар сьезі өтті.


Осы жиынға Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстыну институтының жетекші ғылыми қызметкері, экономикалық-әлеуметтік география ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Қастер Сарқытқан қатысты. Осы Сьезден кейін 11 сәуір күні Қ.Сарқытқанның “Қазақша Бизнес” және “ Ешқашан жоқ деме” атты екі кітабының таныстырылымы өтіп, тұсауы кесілді. Тұсаукесерге университет кітапханасының басшылары, ұстаздар мен студенттер қатысты. Кездесу тартымды өтті. Студенттер тарапынан сұрақтар көптеп қойылды.

Тұсаукесердің соңында қатысушылар және кітапханаға кітаптарын тарту етті . Университеттің “Құрметті қонақтар” дәптеріне жылы лебізін қалдырды.