Қазақстан мен Әзірбайжан ғалымдарының интеграциясы: ғылыми-мәдени диалогтың келешегі

15

2025 жылдың 10 және 11 қазан күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының делегациясы Әзірбайжан Республикасының астанасында орналасқан Әзірбайжан тарихының ұлттық музейі мен Әзірбайжан Ұлттық кітапханасына ресми сапармен келді.
Бұл кездесудер екі бауырлас елдің ғылыми және мәдени кеңістіктегі интеграциясын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Институт директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған делегацияны Ұлттық кітапхананың директоры, профессор Кәрім Таһиров мырза және музей директоры Нейля Велиханлы қабылдады.Д.Мәсімханұлы екі елдің тарихы мен мәдениетінің түп-тамыры ортақ екендігін, сондай-ақ бұл байланыстардың ғылыми-ағартушылық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі болып табылатынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ түркі халықтарының тарихы мен мәдени мұрасына қатысты ауқымды зерттеулер жүргізудегі басты миссиясына назар аударды. “Біздің институттағы зерттеулердің маңызды бағыты – түркі тектес халықтардың тарихына қатысты құнды материалдарды әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұрағаттардан және сирек қорлардан жинақтау, оларды аударып, жүйелеп, ғылыми айналымға енгізу. Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының бай қоры бұл жұмыстар үшін баға жетпес ресурс болып табылады,” – деп атап өтті профессор Дүкен Мәсімханұлы.Ол ғылыми алмасудың мұрағаттардағы және сирек қорлардағы материалдарға қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын баса айтты.
Кездесудің нәтижесінде профессор Д. Мәсімханұлы іргелі ғылыми-мәдени мекемелер арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бастамасын көтерді. Бұл келісім екі жақты ғалымдардың бірлескен жұмыстар, ғылыми мақалалар және ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыруына институционалдық негіз болары сөзсіз.Профессор Кәрім Таһиров және Нейля Велиханлы ханым бұл стратегиялық ұсынысты зор ықыласпен қабылдап, аталған меморандумның тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар екі елдің мәдени және рухани байланыстарын одан әрі тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу соңында делегация Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қоры мен және Әзірбайжанның терең тарихы мұрасымен танысты.Бұл жолғы кездесулер Қазақстан мен Әзірбайжанның екіжақты ғылыми ынтымақтастығының жарқын болашағы мен ғылыми-мәдени әлеуетін біріктірудегі жаңа кезеңнің бастауы десек болады.

slot danahttps://cefta.int/