«Шығыстанушы рөлі: Меруерт Әбусейітованың ғылыми мектебі» атты халықаралық вебинары

915

2021 жылғы 22 қазанда ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Шығыстанушы рөлі: Меруерт Әбусейітованың ғылыми мектебі» атты халықаралық вебинар өткізді. Халықаралық вебинар Меруерт Қуатовна Әбусейітованың 70 жылдығына арналды.

Меруерт Қуатовна Әбусейітова – көрнекті тарихшы-шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан және Орталық Азия елдері тарихы мен мәдениеті бойынша ірі зерттеушілердің бірі.
Әбусейітова Меруерт Қуатовна 1998-2013 жылдар аралығында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтын басқарды. 2013 ж. бастап – ҚР БҒМ ҒК ШИ жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры. Институт жанындағы мәдениетаралық және дінаралық диалог бойынша UNITWIN/UNESCO Network ЮНЕСКО кафедраларының халықаралық желісіндегі «Ғылым және руханият» атты ЮНЕСКО-ның кафедрасын меңгеріп отыр.

Халықаралық Вебинар модераторы Р.Б. Сүлейменова Шығыстану институтының директоры. филология ғылымдарының докторы, профессор, Дүкен Мәсімханұлы болды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.Қ. Әбусейітованың атына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлының бастамасымен тұңғыш рет енгізілген «Шығыстану ғылымына қосқан зор үлесі үшін» төсбелгісімен бірінші болып мерейтой иесі М.Қ. Әбусейітова марапатталды.

Вебинар барысында мемлекеттік орган басшыларының құттықтаулары айтылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың құттықтауын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиева оқи отырып жеткізді. Вебинарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі А. Райымқұлова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы атынан М. Жұрынов, БҰҰ жанындағы Қазақстанның бірінші Тұрақты өкілі А.Х. Арыстанбековадан құттықтаулар айтылды.
Вебинарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Қ. Түймебаевтан, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабұлдиновтан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Дүниежүзі тарихын зерттеу» республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қ.Т. Жұмағұловтан, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.К. Шаукеновадан, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры Е. Әбілден, Жалпы генетика және цитология институтының директоры Л.Б. Жансүгіровадан, академик Қ.И. Сәтпаевтың мемориалдық мұражайының директоры Б.А. Айтмұхамбетовадан құттықтау лебіздері айтылды.

Мерейтой иесін құттықтауға шетелдік әріптестер қосылды, атап айтсақ: Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, РҒА Шығыстық қолжазбалар институтының директоры Ирина Федоровна Попова, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Тарих институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дилором Агзамовна Алимова, профессор, Бельгиядағы Лувэн университетінің перспективалық антропология зертханасының директоры Анн-Мари Виллемено, Орталық Азиядағы Америка университеті антропология бағдарламасының профессоры тарих ғылымдарының докторы Чолпон Турдалиева (Қырғызстан), Ресей Ғылым академиясы Ресей тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Дина Ахметжановна Аманжолова, Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының А. Дониш атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Лариса Назаровна Додхудоева, Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының Жазба мұра орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Лола Назаровна Додхудоева, Ұлттық этнология музейінің қазіргі заманғы қоғам және өркениет кафедрасының доценті, антропология саласының PhD докторы Фудзимото Токо (Жапония), Жапониядағы Орталық Азияны зерттеу қоғамының Президенті, славян-еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры, PhD докторы Уяма Томохико.
Сондай-ақ, Меруерт Қуатқызының әріптестері: Түркиядағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) зерттеулер және жарияланымдар департаментінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Құрбанұлы Муминов – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жөніндегі дереккөздерді зерттеу» атты баяндамамен, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандағы филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Оразбаева Алтайы Иранбекқызы – «М.Әбусейітова мектебінің ғылым халі» атты баяндамамен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Құралай Ертісовна Байзақова, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйғыртану орталығының жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Рисалат-Бибі Усмановна Каримова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы, профессор, Мұрат Тұрарович Лаумулин, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Қазақстан тарихы кафедрасын меңгеруші, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зарема Жуандықызы Шайморданова – «Француздардың шығыстану зерттеулері тарихынан» атты баяндамамен, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихнама, деректану және қазіргі әдіснамалар бөлімінің меңгеруші, тарих ғылымдарының докторы Гүлбану Жугенбаева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Бибіхадиша Жүрсінқызы Әбжаппарова, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Қожахметұлы Таймағамбетов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлмира Сәлімжановна Сұлтанғалиева – «Профессор М.Қ. Әбусейітованың XIX ғ. қазақтардың визуалды тарихына қосқан үлесі» атты баяндамамен құттықтауларын жеткізді.

Вебинардың барлық қатысушылары М.Қ. Әбусейітованың ғылыми шығыстану мектебін құрудағы зор еңбегін және сол мектептің өкілдері Қазақстанда да, шетелде де танымал көптеген шығыстанушы-тарихшылар болып табылатынын атап өтті.
Вебинар аясында М.Қ. Әбусейітованың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.