Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, марқұм Әбсаттар Дербісәлінің «Забытые мыслители Великой степи (ІХ–ХХ вв.)» атты кітабының тұсаукесері өтті

1013

2022 жылдың 7 мамырында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, марқұм  Әбсаттар Дербісәлінің «Забытые мыслители Великой степи (ІХ–ХХ вв.)» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің деканы, РhD докторы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы жүргізіп отырды.

Жиынның алғашқы сөзі филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына берілді.

Одан кейін сөз кезегін алған филология ғылымдарының докторы, профессор Жеменей Ислам Ақмұратұлы, Қазақстан ғалымдар одағының Президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Ұлттық инженерлік ғылым академиясының академигі Сәбден Оразалы Сәбденұлы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Жалайри Өмірәлі Шакарапұлы, ҚР ҰҒА-ның академигі, Халықаралық Түркі академиясының президенті  «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы,  Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас директоры, академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі Көмеков Болат Ешмұхаметұлы, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы, Жоғары мәртебелі елші, СІМ ардагері Қабдрахманов Тілеухан Самарханұлы, алаштанушы, филология ғылымының докторы, профессор Айгүл Ісмақова сияқты ғалымдар мен елшілер Әбсаттар қажы Дербісәлінің ғылымға қосқан зор үлесі мен адамгершілік келбеті жайлы естеліктерімен бөлісті.

Кітап таныстырылымы рәсімінде көрнекті ғалымның монографиялық зерттеу еңбектері қойылған көрме ұйымдастырылды.

Кітап таныстырылымынан кейін жылдық асы беріліп, рухына құран бағышталып, ғалымның өмірі жайлы фильм көрсетілді.