«Тоқаев. 2 жыл». Арнайы хабар

1163

Жуырда “Qazaqstan” ұлттық телеарнасынан “Тоқаев. 2 жыл” атты арнайы хабар көрсетілді. Аталмыш хабар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 жыл ішіндегі сындарлы саясатының жемісі мен жеңісіне арналды. Ішкі-сыртқы саясаттағы ел мүддесі тұрғысынан жасалған қадамдардың нәтижесі – Еліміздің қоғамдық-әлеуметтік ахуалының жақсаруына зор серпін берері даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда, Ел басшылығына келген 2 жыл ішінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза геосаясатта болсын, мемлекеттің ішкі қал-ахуалының түйткілді мәселелері болсын, барлығына бей-жай қарамай, белсенді әрекеттерге барғандығын байқауға болады. Президенттің 2 жыл ішіндегі осындай ауқымды мәселелерді ауырсынбай арқалап, ел үмітінен шығып келе жатқанын әр сала мамандары тілге тиек етті. Айталық, минстрлер, дипломаттар, жеке кәсіпкерлер, ғалымдар.  Соның ішінде ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 жыл ішіндегі саяси аренадағы, қоғамдық-әлеуметтік саладағы атқарған істеріне өз көзқарасын, ой-толғамын  білдірген еді.

Дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=2sIHsVFzHd4

Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам ютуб каналы