«Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өт

1423

19-23 қараша аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Орталық Азия елдерінің араб әлемімен тіл, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сауд Арабиясы корольдігі Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы», «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Египет мәдени орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архивінің» ұйымдастыруымен өткен шараға шетелдің ғалымдары қатысуда.
Атап айтқанда, қадірлі қонақтардың қатарында Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры Мухаммад аш-Шахат Абдулхамид Мухаммад аль-Джинди, Сауд Арабиясы корольдігі, «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» профессоры Махмуд ибн Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд, Сауд Арабиясы корольдігі Сауд Арабиясы корольдігі, «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» профессоры Абду әр-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан әс-Сулми,Сауд Арабиясы корольдігі, «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» профессоры Абдуллаһ ибн Ибраһим ибн Осман әл-Хақил, Сауд Арабиясы корольдігі, «Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» профессоры Абдулла ибн Руфуд ибн Рафид әс-Суфиани, Сауд Арабиясы корольдігі Сауд Арабиясы корольдігі, ««Халықаралық араб тілін қолдау орталығы» профессоры Бандар ибн Абдул Азиз ибн Фаһд әл-Ғумаиз, Тәжікстан Республикасының ҚР дағы Бас консулы Баходур Назир, Өзбекстан Республикасының ҚР дағы Бас консулы Аброр Джахангирович Фатхуллаев, ЕАР мәдени атташесі, профессор Ранда Ризқ Махмуд, ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі, Алсабеков Мухаммад-Хусайн Усманұлы, Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Керімбекұлы Шоқай болды.

Конференция қазіргі шығыстанудың өзекті мәселелері мен концепцияларын талқылау, Орталық Азия елдері мен араб әлемі арасындағы қатынастарды тарихи және мәдени контексте зерттеу, аймақтағы араб мәдениеті мен өркениеті, тілі мен дінінің таралу деңгейін анықтау, сондай-ақ, 2020 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Шығыс ойшылы, әлемнің Екінші ұстазы атанған Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының республикалық жоспары аясында ғалымның жазба мұраларының шығыс дереккөздеріндегі орнын айқындау мақсатында ұйымдастырылды.Конференция аясында «Араб тілін оқытудың заманауи әдістері» атты ІІ Республикалық әдістемелік вебинар, «Қазақ, араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел және араб тілі бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында І республикалық «Шешендік өнер» сайысын жүргізу жоспарланған.
19 қараша күні ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері Айгүл Шалабаева мен Арай Күзембаева архив құжаттары негізінде Египеттегі танымал тұлға, шығыс тілдері бойынша қолжазба саласының білгір маманы, білікті мұрағатшы Насрулла ат-Таразидың жеке қоры құжаттарынан және Араб қолжазбалар институтынан (Каир қ.) алып келген Қазақстан тарихына қатысты құжаттардан көрме қойды.

Дереккөз: http://cga.kz/index.php?module=News&do=View&id=330

https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/