КЕШЕГІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІПТІК МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ МИНИСТРДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН АЛДЫҚ

951
Жасыратыны жоқ, жағатсу да емес, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының (Askhat Aimagambetov) басшылығында соңғы жылдары еліміздің ғылым, білім саласында оң бетбұрыстардың, ақылға қонымды, игілікті бастамалардың жүзеге асып жатқанын тұтас қоғам көріп-біліп отыр.
Әсіресе Министрдің педагог мәртебесі туралы заң, ұстаздардың жалақысы, сапасы сын көтермейтін жеке меншік ЖОО-ның лицензиясын қайтарып алу, кейбір түйінді ЖОО-дарын ғылыми-зерттеу бағытына ауыстыру, онлайн оқу үдерісін тыңғылықты ұйымдастыру, ЖОО кейінгі білім беруді, ғылыми кадрлар дайындаудың талаптары мен сапасын жетілдіру, ғылымға бөлінген қаржы көлемін ұлғайту т.б. толып жатқан сәтті де игі бастамалары өз жемісін бере бастады.
Кеше ғана ғылыми қызметкерлердің кәсіптік мерекесіне орай өткен салтанатты жиналыста Министр мырза елімізде қазір 20 мыңнан астам ғылыми қызметкер бар екендігін, соңғы 2 жылда отандық ғылым саласын қаржыландыру көлемі айтарлықтай артқандығын, 2019 жылғы кезеңмен салыстырғанда 42%-ке ұлғайғандығын,жыл сайын 50-ге жуық ғалым «Үздік ғылыми қызметкер» атанып, 5 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болатындығын, докторантура бойынша жылына 2 мың грант мемлекеттік бюджеттен бөлініп отырғандығын,болашақта отандық ғылыми зерттеу жұмыстарының шет тілдеріне аударылып, жариялануына мән берілетіндігін, бұрынғыдай үш жылда бір мәрте емес, жылына бес мәрте ғылыми жобаларға конкурс жарияланып жатқандығын атап өтті.
Ал біз өз кезегінде Асхат Қанатұлының бізге жоддаған құттықтауын Шығыстану Институтының ұжымы мен Шығыстану ғылымына деген қолдауы мен сенімі деп қабылдадық.
Құрметті Асхат Қанатұлы, мереке орайындағы құттықтауыз бен жылы лебізіңізге Шығыстану институтының ұжымы мен жеке өз атымнан ризашылығымды білдіре отырып, деніңізге саулық, жұмысыңызға абырой мен жеміс тілеймін!
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, 
Филология ғылымдарының докторы, Профессор Дүкен Мәсімханұлы