Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Сапиенца (Sapienza) Рим университеті арасындағы ынтымақтастық

56

2025 жылғы 10 маусымда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы бастаған қазақстандық ғалымдар делегациясы әлемдегі ең көне және жетекші оқу ордасының бірі болып саналатын – Сапиенца (Sapienza) Рим университеті жанындағы Шығыстану институтының директоры, профессор Франко Д’Агостиномен кездесу өткізді.
Кездесуде алғашқы болып сөз алған Д.Мәсімханұлы өзі басқарып отырған институттың тарихы, қазіргі жағдайы және зерттеу бағыттарымен таныстырды. Одан кейін тараптар екі жақты ынтымақтастық, архив қорлары мен кітапханаларындағы қолжазбалар мен құжаттарды зерттеу саласындағы ғылыми әріптестікті кеңейту, ортақ ғылыми жобалар әзірлеу, бірлесіп конференция, семинарлар өткізу мәселелері мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөз нәтижесінде Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Сапиенца (Sapienza) Рим университетінің Шығыстану институты арасында өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұл жолғы кездесуге Сапиенца Рим университетінің Евразия зерттеу орталығының меңгерушісі, профессор Фабио Грасси, Италия Шығыстану институтының профессоры, түркітанушы Розита Д’Амора, Қазақстанның Қасиетті Тақтағы және Мальта Егеменді Ордені жанындағы Елшілігінің өкілі Байсынов Әсет Ибраимұлы, көрнекті қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Жұмағұлов, PhD Нұртас Әбдімомынов пен Болатбек Батырхан қатысты.
Кездесу соңында Институт директоры Дүкен Мәсімханұлы профессор Франко Д’Агостиноға Қазақстаннан әкелген сый-сыяпатын табыстады. Италияндық шығыстанушы ғалымдар қазақстандық делегацияға зор ризашылықтарын білдіріп, болашақта ғылыми байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Сапиенца Рим Италия университетінің Шығыстану институты Азия мен Африканың ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өркениет, мәдениет, тіл мен әдебиетке қатысты салаларда зерттеулер жүргізетін ғылыми және академиялық орталық. 1303 жылы VIII Бонифац папаның (Papa Bonifacio VIII) тікелей жарлығымен құрылған аталмыш университет Италиядағы ең алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны.

slot danahttps://cefta.int/