ТҮРКИЯДА ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ БОЛАТ СМАҒҰЛОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНОГРАФИЯ ЖАРЫҚ КӨРДІ

8

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Орталық Азия және Таяу Шығыс бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болат Смағұлов Институт қызметкерлері орындап жатқан іргелі ғылыми зерттеудің (ІҒЗ) аясында дайындаған Түркия Республикасында халықаралық монография жарыққа шықты.


Аталған «Әнуар Паша» («Enver Paşa») монографиясында Болат Смағұловтың «Әнуар Пашаның Түркістандағы саяси және әскери қызметі» («Enver Paşa’nın Türkistan’daki Siyasi ve Askeri Faaliyetleri») атты тарауы жарық көріп, тұлға өмірінің сан алуан қырларын қамтыды. Автор өз зерттеуінде Әнуар Пашаның идеологиялық көзқарастары, әскери ұстанымдары, большевиктермен (коммунистермен) байланыстары, советтік билікке қарсы тұруы мен әскери қосындарға қарсы соғысуы, сондай-ақ оның қаза табуының мән-жайлары мен бірнеше нұсқалары жөнінде кеңінен сөз қозғайды.


Айта кетейік, бұл көлемді ғылыми еңбек 2026 жылдың тамыз айында Түркия Республикасының бірқатар ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының 20 зерттеуші-ғалымының қатысуымен жарық көрді (Enver Paşa / Ed. Prof. Dr. Çelil Bozkurt. İstanbul: Ihlamur, 2026. 736 s.).
Монография белгілі Осман және түрік мемлекеттік, әскери және саяси қайраткері Әнуар Пашаның (1881–1922) өмір жолына арналған. Ғылыми еңбекте көрнекті тарихи тұлғаның негізгі өмір кезеңдері — отбасы, білімі, әскери қызметі, сондай-ақ Осман империясындағы саяси және революциялық оқиғаларға қатысуы жүйелі түрде ашып көрсетілген.

slot danahttps://cefta.int/