Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

659

Бүгін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік басқосу болды.

Институттың директоры ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы: «Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз аналар және арулар күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Сіздер осы өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегісіздер! Сіздердің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ауыр жүгін арқалап, ғылым көшінің байсалды болуы үшін жасап жатқан ерен еңбектеріңізге алғыс білдіремін! Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі үшін сүбелі үлесіңізді қосып, өмірде алғысқа, қызметте табысқа кенеле беруіңізге шын жүректен тілектеспін!”-дей келе, Д. Мәсімханұлы өзінің ыстық лебізін Шығыстану институтының қыздарына арнаған жүрекжарды жырымен аяқтады.

Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесіне арнап ұжымның ер-азаматтары мерекелік дастархан жайды. Қыздар, аналар, арулар туралы ән мен жырдан шашу шашты. Сонымен қатар, өздерінің ақжарма тілектері мен гүл шоқтарын, сый-сияпаттарын қыздармызға тарту етті.