Лейпциг университетінің тарихшы-аспиранты Шығыстану институтында

393

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен  Германиядағы Лейпциг университетінің арасында ғылыми-зерттеу қызметтестігі бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған болатын.

Лейпциг университеті Германиядағы ең көне әрі атақты университеттердің бірі. Германияның топ-20 жоғары оқу орындарының құрамына кіреді. 600 жылдық тарихы бар университетте ақын Иоганн Вольфганг Гёте, композиторлар – Роберт Шуман және Рихард Вагнер философтар – Фридрих Ницше мен Готфрид Лейбниц т.б. оқып білім алған.

Меморандум аясында аталмыш университтеттің тарихшы-асприанты Милан Процик «Қытай кеңестік шеткі аймақтар көзқарасы тұрғысынан» атты диссертациялық тақырыбы бойынша Шығыстану институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр.

Милан Проциктің ғылыми-зерттеу жұмысына Институттың шығыстанушы, қытайтанушы ғалымдары кеңестерін беріп көмектесуде.