Институт ғалымы халықаралық конгресте баяндама жасады

Институтымыздың “Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймағын зерттеу орталығының” меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қастер Сарқытқан 15-16 мамыр күндері Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Жусүп Баласагын атындағы университетінде өтіп жатқан “Түркі әлемі географтарының IV Сонгрессіне” қатысып, “Тарихи карта: байырғы өркениеттерден қазіргі геосаяси үдеріске дейін”-атты тақырыпта баяндама жасады және «Ватиканның және Батыс Еуропа елдерінің жаңа құнды материалдары бойынша Түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында ағылшын тілінде бір мақала ұсынды.










