«XIX ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайту және дамыту» атты халықаралық конференция

394

12 желтоқсанда Ташкент қаласында  Орталық Азия халықаралық институты және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұйымдастыруымен «XIX ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайту және дамыту» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – 19 ғасырдағы көрнекті өзбек және қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі ортақ тарихи-мәдени мұраны зерттеуге арналған мәселелерді талқылау.

Көнференция барасында төмендегі мәселер жөнінде талқылаулар болды:

– ғылыми, философиялық зерттеу сұрақтары және 19 ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының әдеби мұралары;

– ХІХ ғасырдағы екі ел ойшылдарының өзара әрекетінің қырлары мәдениет саласында;

– ХІХ ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының қосқан үлесі жалпы түркі және әлемдік өркениетте.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филол. ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы еңбек демалысында болуына байланысты, Республикалық тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры,  ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор М.Қ. Әбусейітова мен институттың жетекші ғылыми қызметкері, PhD Б. Батырхан қатысты.

Орталық Азия халықаралық институтында офлайн және онлайн форматтарда өткен конференцияға Өзбекстан мен Қазақстанның жетекші аналитикалық және ғылыми-зерттеу мекемелерінен 80-нен астам маман қатысты.