Саркыткан Кастерге профессор ғылыми атағы берілді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №2147 бұйрығына сәйкес Саркыткан Кастерге 50700 – «Әлеуметтік және экономикалық география» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Аталған шешім Саркыткан Кастердің ғылым және жоғары білім саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметінің, жоғары кәсіби құзыреттілігінің, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесінің заңды бағасы болып табылады. Ғалымның ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметі республикалық және халықаралық деңгейде кеңінен танылған.
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы Саркыткан Кастерді профессор ғылыми атағын алуымен құттықтай отырып, алдағы ғылыми және шығармашылық қызметіне жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және толағай табыстар тілейді.











