Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары Ресей Федерациясына жұмыс сапармен барды

106

Ресми іссапар институт базасында орындалып жатқан гранттық жолюа негізінде жүзеге асырылған.  Аталмыш сапардың барысында Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филол.ғ.д., профессор, жоба жетекшісі Д. Мәсімханұлы және жобаның бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Н. Мұқаметханұлы Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында орналасқан бірнеше білім ордаларына бас сұқты.

Қазақстаннан келген ғылыми делегацияны Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Азия және Африка елдері институты, Ресей ғылым академиясы  құшақ жая қарсы алды.

Сапардың алғашқы күні Ресей ғылым академиясы Шығыстану институтының директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Аликберов Аликбер Калабекович және ғылыми қызыметкерлердің қатысуымен ғылыми кездесу өтті.

Келелі кездесуде қос тарап, білім ордасы жайлы мағұлматпен бөлісіп, өзара ынтымақтастық қатынас орнатудың жолдары талқыланды. Бұдан бөлек ғылыми қызметкерлер ортағасырдағы түркілер мен славяндар арасындағы мәдени байланыстар мен ықпалдастықты зерттеу мәселесіне тоқталды. Бұл істе екі институт бірлесе отырып, жұмыс жасаау абзал деген пікірге келді.

Жиында сөз алған Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филол.ғ.д., профессор, жоба жетекшісі  Дүкен Мәсімханұлы Шығыстану институтын қысқаша таныстырып, қазіргі заманғы Қытайды зерттеу бойынша өзара ынтымақтастық байланыс орнату туралы ұсынысын және Шығыстану институты жанынан шығатын «Қазақстан шығыстануы» ғылыми журналын Ринц базасына енгізу туралы өтінішін жеткізді.

Уағдаластық мұнымен аяқталмады, Қазақстаннан келген ғылымыи делегация мүшелері Ресей ғылым академиясы Қытай және қазіргі заманғы Азия институтына да бас сұқты.

Сонымен қатар, Ресей ғылым академиясы Шығыс қолжазбалары институтының директоры, РҒА мүше-корреспонденті Попова Ирина Федоровна  отандық профессорларды қабылдады.   Санкт-Петербург мемлекеттік университеті Шығыстану институтыда қазақстандық ғалымдарды аса құрметпен қарсы алды.

Мұндағы келелі бас қосуда Д. Мәсімханұлы қытайтанудің еліміздегі маңыздылығын айта келіп, ҚКП-ның этникалық азшылықтарға қолданып отырған саясаты жөнінде ресейлік ғалымдардың зерттеулерін білгісі келетінін айтты. Сондай-ақ ол екіжақты ынтымақтастықты бірлескен ғылыми жобалар ұсыну, бірлесіп маман-кадрлар дайындау, конференциялар өткізу және журналдарда ғылыми мақалар жариялауды ұсынды.

“Біздің басты мақсат екі ел арасындағы ғылыми ізденісті өзара байланыстыру. Осы тұрғысында біздің ойды қолдайсыздар деген пайымдамын. бірлесе ғылыми жобаларды іске асырып, білікті маман даярлауда тәжірбиемен алмассақ  артық етпес еді”,-деді Дүкен Мәсімханұлы.

Қарсы тарапта осы айтылған мәселелер қызықтыратынын және ұсыныстарды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендерін жеткізді.

Он күнге созылған сапар  барысында делегация Ресейдің Қытайды зерттеу жағдайымен, сондай-ақ олардың Қазақстанды зерттеу жөнідегі жаңа концепциясымен танысып қайтты.