МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

1500

Құрметті талапкер!

Егер Сіз болашағыңызды Шығыстану саласымен байланыстырғыңыз келсе, онда 2021-2022 оқу жылында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына төмендегі мамандықтар бойынша магистратура және докторантура бөлімдеріне оқуға келіңіз:

1. 8D02212 – Классикалық шығыстану (Ғылым Ордасы).
2. 7М02221 – Заманауи шығыстану (Ғылым Ордасы).

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының магистратурасы мен докторантурасы

2014 жылдың көктемінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым мен білімді интеграциялаудың принципиалды жаңа жобасын бастады.

2014 жылдың 23 шілдесінде он ғылыми-зерттеу институты арасында Бас келісімге қол қойылды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті және ҚазҰУ магистратура мен докторантураға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Ғылым ордасы» кешенінде жұмыс жасайтын ғылыми-зерттеу институттары өз тарихында бірінші рет ғылыми-педагогикалық біліктілігі жоғары дәрежелі кадрларды тікелей даярлауды бастады.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану ғылыми-зерттеу институтының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен білім беру бағдарламасына  қабылдау тәртібі – жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Оқу – мемлекеттік білім гранттары есебінен жүзеге асады.

Бағдарламаның артықшылықтары:

– Институттың таңдаулы ғалымдарынан білім аласыз.

– ғылыми дайындықтың іргелі сипаты мен білім берудің іргелі сипаты өзара байланыста қарастырылған.

– отандық шығыстану ғылымның алдыңғы қатарында тұрған ғалымдардан дәріс алып, бірге жұмыс жасау.

– Институтта дәрістер мен ғылыми-зерттеу практикасын өткізу.

– ғылыми жетекшімен бірге институттың ғылыми жобалары мен гранттық бағдарламаларын іске асыруға қатысу

– Оқу бағдарламасын аяқтағаннан кейін нститутта қалып жұмыс істеу мүмкіндігі.

Сіздерге шығыстану саласының танымал доктор, профессорлары дәріс оқиды.

Таңдау өзіңізде!