Профессор Алдабек Нұржамалдың “Тәуелсіз Қазақстандағы Шығыстанудың өзекті мәселелері” атты онлайн лидерлік лекциясы

1047

2021 жылдың 25 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының “Тәуелсіз Қазақстандағы Шығыстанудың өзекті мәселелері” атты онлайн лидерлік лекциясы өткен болатын. Аталмыш лекцияда Шығыс және шығыстану мәселелері ауқымды түрде сөз болған. Айталық, Шығыс дегеніміз не, шығыстану қайдан, қалай басталды деген сауалдарға тұщымды да тұжырымды жауаптар беріледі. Сондай-ақ, еліміздегі шығыстанудың қайдан бастау алатындығы, шығыстанушы мамандарды даярлаудағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының өз рөліне терең тоқталады.

Сонымен бірге, Қазақстандағы шығыстану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының еңбегі зор екендігін тілге тиек етеді. Әсіресе, қазақ тарихына байланысты шет ел мұрағаттарында жатқан материалдарды том-том кітап етіп шығарған еңбегін жоғары бағалайды.

Дереккөз: https://www.youtube.com/watch?v=cn45Scd2NWY

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының “Oriental studies” ютуб каналы.