ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ВАТИКАН САПАРЫ

48

2024 жылғы 25 қараша күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки бастаған қазақстандық ғылыми делегация Ватиканның Апостолдық архиві (Archivio Apostolico Vaticano) мен Ватиканның Апостолдық кітапханасы (Biblioteca Apostolica Vaticana) басшыларымен кездесу өткізді.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватикан Апостолдық архиві және Ватикан Апостолдық кітапханасы арасындағы 2022 жылы қол қойылған іскерлік-әріптестік келісімдерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстаннан Ватиканға келген қазақстандық ғылыми делегацияны осы жолы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмаханұлы Ахмед-Заки басқарып келді. Қазақстандық делегацияны Ватикан Апостолдық архивінің вице-префекті Доктор Паоло Виан (Dott. Paolo Vian) мен Ватикан архивінің ғылыми қызметкері, профессор Энрико Флайани (Prof. Enrico Flaiani) қабылдады. Бұл кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР-ның Швейцария Конфедерациясындағы, Қасиетті Тақтың жанындағы, Лихтенштейн Князьдігіндегі және Мальта Орденіндегі Елшісі Қайрат Саржанов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, филол.ғыл.докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы, ғылыми жоба жетекшісі, тарих ғыл.докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, белгілі ғалым Қалқаман Жұмағұлов, PhD, профессор Нұртас Абдимомынов, PhD, қытайтанушы Айнұр Әбиденқызы, аға ғылыми қызметкер Бағдат Дүйсеновтер қатысты.

Кездесуде алғашқы сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ватикан кітапханасы мен архив қорларында сақталған құнды қолжазбаларды зерттеу арқылы түркі әлемінің бай тарихын тануға болатындығын және оның маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық ғалымдардың ең көне әрі әлемдік құнды құжаттар сақталған тарихы терең Ватикан кітапханасы мен архивінде еңбек етулеріне мүмкіндік тудырған Мемлекет басшысының ерен еңбегі екендігін атап өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 18-19 қаңтарда Италияға ресми сапары аясында Ватиканға барып, Рим Папасы Францискпен кездескен болатын. Кездесу нәтижесінде қазақстандық ғалымдардың Ватикан мұрағаттары мен кітапханаларын пайдалану үшін келісімге қол жеткізді. Қазақстандық мәртебелі Елші-дипломат Қайрат Саржанов осындай мүмкіндікті жүзеге асырып отырған Ватикан басшылығына үлкен алғыс білдіре отырып, бұл жоба екі ел арасындағы ынтымақтастық пен мәдениетаралық диалогты дамытуға жол ашатынын алға тартты.

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры, профессор Дүкен Мәсімханұлы 2022 жылы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ватиканның Апостолдық архиві және Ватикан Апостолдық кітапханасы арасында іскерлік-әріптестік байланыс туралы меморандумға Қазақстан тарапынан қол қойғандығына тоқталды. Екі елдің ғылыми мекемелері арасындағы бұл іскерлік-ынтымақтастық байланыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ватикан билігімен тікелей сөйлесуі, ұсынысы және екі елдің достық қарым-қатынасы негізінде жүзеге асқандығын атап өтті. Бұл ынтымақтастық қазақстандық ғалымдардың сирек кездесетін қолжазбаларға еркін қол жеткізуіне зор мүмкіндік береді және түркі әлемі мен Қазақстан тарихы туралы тың деректер ғылыми айналымға қосылады деп атап өтті. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының BR24993132 «Ватиканның және Батыс Еуропа елдерінің жаңа құнды материалдары бойынша Түркі әлемінің ерте және ортағасырлық тарихы мен мәдениеті» атты ғылыми жобасының жетекшісі, профессор Қалқаман Жұмағұлов Ватикан мұрағаттарындағы материалдар шығыс пен батыс тарихын байланыстыруда өте маңызды екендігіне мән берді. Түркі және қазақ тарихының негізгі кезеңдерін түсінуге мүмкіндік беретін латын, ежелгі грек және герман тілдеріндегі папалық хат-хабарлар мен сирек құжаттарға ерекше тоқталды.

Кездесу барысында вице-префект Доктор Паоло Виан мен профессор Энрико Флайани қазақстандық делегацияны ерекше ықыласпен қарсы алып, олардың ғылыми бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстан тарапынан ғылыми ізденіске бағытталған жаңа бастамаларға ыстық ықылас танытып, өзара қарым-қатынастар мен ғылыми, мәдени байланыстарды дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу соңында Институт директоры Дүкен Мәсімханұлы Қазақстаннан арнайы алып келген символдық сыйлығын Ватикан өкілдеріне салтанатты түрде табыстады. Бұл кездесу екі тараптың академиялық ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылысын тағы бір рет дәлелдеді. Жаңа тарихи деректерді ашуға бағытталған болашақ зерттеулер түркі әлемі тарихы және оның Еуропамен байланыстарын тереңірек түсінуге жол ашады.

https://www.pria.org/https://tjs.udsm.ac.tz/https://terc.lpem.org/https://cefta.int/https://upb.iainkendari.ac.id/https://www.cihanturkhotel.com/https://indolivestock.com/https://icrcnewsroom.org/https://nemkv.cz/https://grupovisabeira.com/