Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Бас консул Ференц Блауманн мырза Шығыстану институтында қонақта

779

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры Дүкен Мәсімханұлы мен Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі, Бас консулы Ференц Блауманн мырза  кездесті.

Венгрлер (мажарлар) қазақтардың бауырлас, туыс халық екенi тарихтан белгiлi. Кезiнде Орталық Азияны мекен еткен мажарлардың жаугершiлiк заманда батысқа қоныс аударғанын да жұрттың бәрi бiледi.


Екіжақты кездесуде негізінен мажарлардың (мадияр) ежелгі тарихы мен мәдениетін, ғұндардың батысқа қоныс аудару тарихын, бүгінгі Мажарстандағы қыпшақтардың тарихын, тұрмыс-салтын бірге зерттеу, екі ел шығыстанушылары мен түркологтары арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері кеңінен сөз болды.

Консул мырза Мажарстандағы шығыстану және түркология саласы бойынша ғылыми орталықтармен, жекелеген ғалымдармен байланыс орнатып беруге әзір екенін, осында айтылған әңгіменің бәрі сөз күйінде қалмайтындығын ағынан ақтарыла жеткізді.

Институт директоры  ықыласпен, шынайы бауырмал көңілмен өрістеген кездесу үшін Елші мырзаға зор алғысын білдірді.

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/