Шығыстану институтында «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

593

2022 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым  комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапхананың мәжіліс залында өткізілді. Конференцияны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филол.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы ашып, баяндама жасады.

 

Конференцияның мақсаты – аймақтық қауіпсіздік жүйесі және Шығыс елдерімен ынтымақтастық контексінде шынайы уақыт режимінде Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының моделін құру туралы негізгі ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан пайымдап, әзірлеу.

Конференция «Шығыс елдерімен ынтымақтастықты дамыту және өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру контексіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты» атты ҚР БҒМ Мақсатты қаржыландыру бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді.

Конференцияға Ресей Ғылым академиясы Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты секторын меңгеруші, саяси ғ.д. Д.Б. Малышева, белгілі ресей экономисті, э.ғ.д., профессор В.В. Котилко, тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор Д.А. Аманжолова, Әзірбайжан Халықаралық қатынастарды талдау орталығының жетекші кеңесшісі, халықаралық саясат бойынша PhD докторы Н. Ахмедов сияқты т.б. ғылымдар мен сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Жетекші ғылыми орталықтардан сыртқы саясат, халықаралық экономика, шығыстану саласында қызмет етіп жүрген қазақстандық ғалымдар саяси ғ.д. М.Т. Лаумуллин, т.ғ.д., профессор М.Қ. Әбусейітова, э.ғ.д., профессор Н.Қ.Нұрланова, т.ғ.д., профессор З.Г. Джалилов, филос.ғ.к. А.М. Әміребаев, саяси ғ.д., профессор С.Б. Қожырова, э.ғ.д. В.Ю. Додонов, филос.ғ.к. Е.У. Байдаров және т.б. ғалымдар баяндама жасады.

Конференция барысында Қазақстан мен Шығыс елдерінің ынтымақтастығын нығайтудағы ғылыми тәсілдемелер; Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық саласындағы сыртқы саяси өзгерістер; Өзгермелі әлімдегі Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық дамудағы проблемалары; Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі; Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен Шығыс елдеріне жасайтын ықпалына баға беру және т.б. мәселер бойынша баяндамалар оқылып, ғылыми талқыға түсті.

Саяси диалог дипломатиясының мәдениеті мен қағидалары негіздеріне және жалпы өзара түсіністікті қамсыздандыру қажеттігіне бағдар алып, халықаралық конференцияның қатысушылары төмендегілермен келісті:

  • өкілдері осы конференцияның қатысушылары болып табылатын мемлекеттер мен халықтардың гуманитарлық, мәдени, ғылыми-ағарту байланыстарын жемісті дамытуға бірлесіп, жан-жақты жәрдемдесу.
  • ынтымақтастық факторлары мен мүмкіндіктерін зерделеу, талдау, болжау және Қазақстан мен Шығыс елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету форматында жүйелік-әдіснамалық негізде бірлескен пәнаралық және кешенді зерттеулерді жүзеге асыру.
  • қазақ халқының және Орталық Азиядағы басқа да халықтардың мәдени-тарихи мұрасын зерделеу, сонымен қатар, олардың Азия-Мынық мұхит аймағы, Таяу және Орта Шығыс, Орталық және Оңтүстік Азияның барлық елдерімен әрекеттестігі бойынша ғылыми ақпарат алмасу өсімі және ғылыми байланыстарды баптауға барынша көмектесу.
  • әлемдік/аймақтық ориенталистика, сыртқы саяси әрекеттестік және қауіпсіздік жүйелерін қалыптастыру салаларында зерттеу ұйымдарымен жасасқан Ынтымақтастық туралы Меморандумдарға сәйкес, отандық шығыстанудың ғылыми жетістіктерін жан-жақты және дер кезінде насихаттап, кеңінен жаю.
  • ғылыми қызметкерлер мен жас шығыстанушы ғалымдарға арналған шетелдік тағылымдамалардың арнайы квота географиясы мен санын ұлғайту жайында ғылыми зерттеулер саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне өтіну.
  • құрылымына жаңа реалиялар жағдайындағы мемлекеттердің саяси жүйелері мен экономикалық ортасы және Шығыс елдерінің халықтары бағыты енгізілген Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанынан Шығыс елдері проблемаларын геоэкономикалық және геосаяси зерттеулер Орталығын құру.
  • аймақтағы интеграция бойынша бірлескен идеялар мен тәсілдемелерді тұжырымдайтын Орталықазиялық Сарапшылар қауымдастығын құруды ұсыну.
  • бірлесе күш салып, халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларына және мемлекеттердің, аймақтардың, тұтас алғанда, ғаламшардағы жаһандық және аймақтық тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің түйінді қағидаттарына негізделген мемлекетаралық және аймақаралық қатынастардың көпполярлы жүйесін қалыптастыруға арналған біріктіретін, оңды бағыт әзірлеу.
  • конференцияға қатысушылардың ғылыми баяндамаларын «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы түрінде жариялау.

Ұйымдастыру комитеті атынан,

э.ғ.д. Ғ.М. Дүйсен