Оңтүстік Кореяда «Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы» жарық көрді

203

Оңтүстік Корея Республикасының Донгдук қыздар университеті жанындағы Еуразия түркітану институты «Түркі гуманитарлық ғылымдар энциклопедиясы» атты 8 томнан тұратын көлемді еңбекті жарыққа шығарды.

Түркі халықтарының әдебиет, фольклор, тіл, тарих, өнер, дін және географиясына байланысты еңбектің шығуына 7 мемлекеттен 21 сарапшы қатысты. Бұл жобаға Еуразия түркітану елдері институтының директоры, профессор О Ын Кенг толықтай жетекшілік етті.

Кәріс тілінде әзірленген энциклопедиялық еңбектің жалпы көлемі 4500 бет болатын 8 томнан тұрады. Онда екі мыңнан астам негізгі ұғымдарға толыққанды анықтама берілген.

Энциклопедия баспа және электронды нұсқада жарық көрді.

Электронды түрімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады.

https://eeurasiaturk.dongduk.ac.kr/bbs/board2/776?fbclid=IwAR2gXGP-XoSvGTW_FWCAFwqahGVbVmdJSU_knE3x58GMwchs-9gcTjnYfLk