Д. МӘСІМХАНҰЛЫНЫҢ 60 ЖАСЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ: ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҺӘМ САЯСИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

670

Бұл ғылыми жинақта қазіргі кезеңдегі отандық шығыстану ғылымының даму бағыттары, сонымен қатар филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының 60 жас мерейтойына орай, өмірі мен ғылыми шығармашылығы, оның отандық шығыстану ғылымына қосқан үлесі талқыланады. Сондай-ақ шығыстану тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты жүргізілген ғылыми ізденістердің  тұжырымдары сарапталған.

Конференцияның мазмұнына қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдерінің сыртқы саясаты, қауіпсіздігі және халықаралық ынтымақтастығы саласындағы мамандардың, сарапшылардың, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары кіреді.

Жинақ жалпы сыртқы саясат мәселелері саласындағы мамандарға және аймақтық қауіпсіздік жүйелеріне қызығушылық танытушыларға арналған. Ұсынылған материалдар жоғарыда аталған бағыттар мен тақырыптар бойынша оқу процесінде, оқулықтар мен ғылыми бағдарламаларды әзірлеуде пайдалануға болады.

 

 

https://www.pria.org/https://www.vicino-oriente-journal.it/https://cefta.int/situs slot deposit pulsa telkomselhttps://www.cihanturkhotel.com/slot gacor 2025sigma168slot 2025situs slot gacor 2025https://www.idseed.org/