ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ – 2023: НЕ БАР, НЕ ЖОҚ
Өткен 2023 жыл ҚР ҒЖБМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты үшін өнімді де жемісті жыл болды. Жаңа 2024 жыл мемлекетіміз, халқымыз және Институтымыз үшін табысты, берекелі, ғылыми жетістіктерге толы жыл болсын!
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында 2023 жылы 2023-2024 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 2 жоба, 2023 жылға арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша 2 жоба, ҚР ҒЖБМ Іргелі ғылыми зерттеулер бойынша 1 жоба, 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба, 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша 2 жоба орындалды.
Бағдарламалық-мақсаты қаржыландыру бойынша 2023-2024 жылдарға арналған BR 18574063 «Преемственность и трансформации в традициях и культуре постзолотоординских обществ (сравнительное изучение эпиграфических памятников Западно-Казахстанского, Волго-Уральского, Дагестанского, Хорезмского регионов)» жобасы:
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 16 ғылыми жұмыс, оның ішінде отандық 12 мақала, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 6 мақала. 2 мақала Scopus және Web of Science базасындағы журналдарда. Шетелдік басылымдарда 4 мақала, 1 кітап-альбом жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 33 баяндамада ұсынылды, 1 авторлық куәлік алынды.
Бағдарламалық-мақсаты қаржыландыру бойынша 2023-2024 жылдарға арналған BR 18574064 «Историко-культурное наследие Казахстана и Центральной Азии в собраниях зарубежных архивных фондов» жобасы
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 3 халықаралық семинар және Жазғы мектеп өткізілді, «Шығыс» журналының 4 номері жарыққа шықты, отандық ғылыми басылымдарда 5 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала, шетелдік басылымдарда 1, 2 Scopus және Web of Science базасындағы журналдарда жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 19 баяндамада ұсынылды, БАҚ-та 2 жарияланды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бағдарламалық-мақсаты қаржыландыру бойынша 2023 жылға арналған BR 10164070 «Қытайдағы түркологиялық деректер мен зерттеулер: тарихы, қазіргі жағдайы, болашағы» жобасы.
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. 1 монография, жұмыстың нәтижелері отандық ҚР ҒЖБСБҚ ұсынған ғылыми журналдарда 3 мақала; 2 конференцияда баяндама жасалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бағдарламалық-мақсаты қаржыландыру бойынша 2023 жылға арналған BR 10164238 «Қазақ әдеби-эстетикалық ой-пікірінің антологиясы. 10 том.» жобасы.
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған ғылыми журналда 1 мақала, БАҚ-та 1 мақала, отандық ғылыми басылымдарда 5 мақала жарияланды, антологияның 3 томы баспадан шығарылды.
BR 20281006 «Шығыс елдері: тарихи және заманауи өлшем тұрғысынан Қазақстан үшін геосаяси сын-қатерлер мен жаңа перспективалар» атты Іргелі ғылыми зерттеулер жобасы бойынша 2023 ж. отандық журналдарда 5 мақала, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 5 мақала, шетелдік басылымдарда 5 мақала. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 40 баяндамада ұсынылды, БАҚ-та 27 сұхбат берілді.
Гранттық қаржыландыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған AP 14870832 «Китайская инициатива «Пояс и Путь» и геоэкономические интересы Казахстана» жобасы:
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала, 1 монография, 2 жинақ жарияланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 2 баяндамада ұсынылды.
Гранттық қаржыландыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған AP 14869734 «ҚКП-ның азсанды ұлттар саясатының Шыңжаңда атқарылуы: тарихы, бүгіні және келешегі» жобасы:
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарында 3 мақала жарияланды.
Зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 3 баяндамада ұсынылды, БАҚ-да 3 сұхбат берілді.
Гранттық қаржыландыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған АР 19678538 «Политический суфизм в Центральной Азии (Казахстан и Восточный Туркестан): исторические корни и современные реалии» жобасы:
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 3 баяндамада ұсынылды, БАҚ-да 7 сұхбат берілді, 1 әдіснамалық семинар өткізілді.
Гранттық қаржыландыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған AP 1968032 «Қазақстан-Орталық Азия» форматындағы ынтымақтастықтың аймақтық векторы» жобасы
Жоба тақырыбы бойынша 2023 ж. зерттеу нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, семинарларда 2 баяндамада ұсынылды, БАҚ-та 1 мақала жарияланды.
2023 жылғы жарияланымдар:
Институт қызметкерлері жалпы 60 ғылыми еңбек жариялады, олардың ішінде: 7 – кітап пен монография, 2 жинақ, 51 ғылыми мақала, оның ішінде шетелде жарияланған мақалалар – 12, СКОПУС және Web of Science деректер базасындағы импакт-факторлы журналдарда жарияланған мақалалар – 4, ҚР ҒЖБМ ҒЖБСБК ұсынған журналдарда – 24, отандық ғылыми журналдарда – 27.
2023 жылы Институт қызметкерлері әртүрлі дәрежедегі халықаралық және республикалық конференцияларда 104 баяндама жасады. Бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», телеарналар: «Қазақстан», «Хабар»» және интернет-порталдар) 41 мақала мен интервью берілді.
2023 жылы конкурска ұсынылған жобалар:
Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша:
1) «Ватикан және өзге Еуропа елдеріндегі дереккөздер, архивтер негізінде түркі әлемі мен Қазақстанның көне және ортағасырлық тарихын, мәдениетін, халықаралық қатынастарын зерделеу» – ғылыми жетекшісі Жумагулов К.Т.
2) «Жаңа дүниетанымның қалыптасуы жағдайындағы Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі Исламның тарихи, саяси, әлеуметтік-мәдени және діни қырлары» – ғылыми жетекшісі Керім Ш.
Гранттық қаржыландыру бойыша:
1) «Қытай тарихи деректеріндегі Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің тарихи-географиясына қатысты топонимдердің лингво-географиялық динамикасы» – ғылыми жетекшісі Д. Масимханулы Д.
2) «Ақмола өңірінің зияткерлік тарихы (қорымдардағы эпиграфика материалдары негізінде)» – ғылыми жетекшісі Муминов АК.
3) «Алтын Орда дәуіріндегі Батыс Қазақстан отырықшы елді мекендерінің тарихы: тұрмыстық материалдық мәдениетін қайта құру» – ғылыми жетекшісі Ужкенов Е.М.
Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлының 2023 жылы жарық көрген еңбектері:
– «Шығыс әлемі: Аңыз бен шындық» зерттеулер жинағы;
– «Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары» атты 5 томдық көркем
аудармаларының жинағы;
– «Жүрегімнің жұмбағы» жыр жинағы;
– «Ұлт пен рух» ғылыми зерттеулер, әдеби портреттер жинағы;
– «Қытайдағы түркологиялық деректер мен зерттеулер» монография.
Конференциялар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар:
1) Тарих ғылымдарының докторы, профессор, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, белгілі ғалым, Қазақстанның шетелдік тарихнамасын зерттеудің негізін қалаушы – Көшім Лекерұлы Есмағамбетовтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан тарихының деректануы: архивтік қорлар, эпиграфикалық ескерткіштер» атты халықаралық конференция, 15 қыркүйек;
2) Жазғы мектеп «Исторические источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии тему: методология и новые подходы изучения», 28 қыркүйек.
3) Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи-мәдени һәм саяси ынтымақтастықтың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 11 қазан.
Ғылыми іссапарлар мен тағылымдамалар:
1. Мәсімханұлы Д., Сарқытқан Қ., Мұхаметханұлы Н., Тұрлығожаева А. – Ташкент, Самарканд (Өзбекстан);
2. Әбусейітова М.Қ., Шаймарданова Н.Ж., Табынбаева З.С. – Стокгольм (Швеция), Копенгаген (Дания);
3. Жугенбаева Г.С. – Ереван (Армения);
4. Әбусейітова М.Қ., Султангалиева Г.С. – Берн, Женева (Швейцария);
5. Оспанов Н. – Сеул (Корей Республикасы);
6. Каримова З.К. – Ташкент (Өзбекстан);
7. Ужкенов Е.М. – Душанбе (Тәжікстан);
8. Жумагулов К.Т. – Мюнстер (Германия);
9. Медерова Д.Е., Дюсенов Б.Д. – Дағыстан, Волгоград облысы (Ресей);
10. Жузбаева Ұ.Д. – «500 ғылыми тағылымдама» аясында – Индиана, Блумингтон
(АҚШ);
(АҚШ);
11. Кожирова С.Б., Нечаева Е.В., Белгожа Е.Қ. – Пекин, Шанхай (Қытай);
12.Молотова Г.М., Молотова Э.М. – Ташкент (Өзбекстан);
13. Айтжанова Д.А. – Ташкент (Өзбекстан);
14. Дүйсен Ғ.М., Белгожа Е.Қ., Сабыров А.С., Курманбаева Қ.С. – Ыстамбұл (Түркия).
Халықаралық байланыстар:
2023 жылы Шығыстан институты келесі мекемелермен ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарттар мен меморандумдар жасалды: Ислам Ғылымдары Факультеті (Скопье қ., Солтүстік Македония), Ресей Ғылым академиясының қалмақ ғылыми орталығы (Қалмақ Республикасы), Халықаралық Орталық Азия институты (Өзбекстан, Ташкент қ.), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университетінің тарих факультеті (Өзбекстан, Ташкент қ.), Имам Бухаридің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы (Өзбекстан, Бухара қ.), Имам Тирмизидің халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы (Өзбекстан, Термез қ.), Моңғолия Ғылым Академиясының Халықаралық зерттеулер институты (Моңғолия, Улан Батор қ.), “Н.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы (Қазақстан, Астана қ.), Сиань университеті (ҚХР, Сиань қ.), Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті РФБҒМ (РФ, Екатеренбург қ.)
Институт қызметкерлерінің марапаттары:
1. Мәсімханұлы Д. – «Түрксой» медалі, «Күлтегін» медалі;
2. Мұқаметханұлы Н., Юсупов Р.Қ., Айтжанова Д.А. – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісі;
3. Джалилов З.Г., Рамазанов А.А., Медерова Д.Е., Нұрманова А.Ш, Торланбаева К.Ө., Сарқытқан Қ., Табынбаева З.С., Молотова Г.М., Белғожа Е.Қ., Молотова Э.М., Дүйсенов Б.Д. – ҚР ҒЖБМ «Құрмет» грамотасы;
4. Әмірбекова С.К., Оспанов Н.М., Құрманбаева Қ.С., Жүзбаева Ұ.Д., Хакім А.Е., Тұрлығожаева А.Д. – ҚР ҒЖБМ министрінің «Алғысхаты».
Білім мен ғылым интеграциясы
Қазіргі уақытта Институтта «Ғылым ордасы» ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті негізіндегі бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде “6D020900 – Шығыстану” мамандығы бойынша оқып жатқан докторанттар саны – 11.