Отандық ғылым: өре мен меже

315

Отандық ғылымның әлеуеті мемлекет назарында.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа ғылым және жаңа технологиялық саясат» атты заңды қабылдауаға тапсырма берген.  Аталмыш заң шілде айында қабылданып,  қолданысқа енді.  Бұл ғылым саласының дамуы мен ондағы оң өзгерістерге бастайтын негізгі тетік болмақ. Бұл туралы ҚР ғылым және білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Хабар24 арнасына берген сұқбатында айтты.

 

ҚР  ғылым және жоғары білім вице – министрі Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, қазақ ғылымының жаңа деңгейге көтерілуіне басымдық беріліп, екінші тынысы ашылған.  Расында сөзінің жаны бар. Алдағы таңда елімізде ғылымды дамытуда жаңа механизм енгізіліп, ғылыми бағыттың көкжиегі кеңейіп, замануи лабараториялық кабинеттер жасақталатын болады.

 Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан жұмыстар, жас ғалымдарды ғылымға тартумен астасып жатыр.  Ел билігі жас ғалымдар үшін арнайы гранттарда тағайындаған. Күрделі әрі қызық ғылым жолында сүбелі еңбек етуге даярмын деген әр жас буынға мемлекет қолдау мен қамқорлық көрсетуге қашанда әзір екені сөзсіз.

« Жас ғалымдар үшін « Жас ғалым» , «жас ғалымдарды қолдау» сынды гранттар бар. Жыл сайын 3 млрд.теңге қаржы осы гранттарға бөлініп отырады. Сәйкесінше, жас ғалымдар үздік жобаларын ұсына отырып, аталмыш гранттарды ұтып ала алады»,-дейді ҚР  ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.

Қазақстанда ғалымдармен жүзеге асырылып жатқан іргелі жұмыстар жетерлік. Соның бірі физика саласында іске асрылу үсітнде.  Вице-министр Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, «Кобальт -57» радиа преператтары келешекте импортқа шығады деп күтілуде. Еліміздегі химиг, биологтардың әлі жарыққа шықпаған зерттеу жұмыстары бар. Оның нәтижесін көру үшін біршама уақыт қажет.  Бастысы нәтиже.  Отандық ғалымдар ойлап тапқан зерттеулер болашақта нарықта сұранысқа ие болуы басты шарт.

  Ғалымдардың зерттеулеріне жоғары талап қойылғандықтан, елдегі «Ұлттық ғылым академиясының» құрамындағы ғалымдар үшінде қатаң талаптар қойылмақ. Ендігі жерде ғалымның жжасына емес, еткен еңбегі мен бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіштері алдыңғы орынға шығарылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 22 456 ғалым болса, соның 9 691 нәзік жандылар.  Ғылымдағы ер мен әйел арасындағы теңсіздікті теңестіру де ведомстваның қаперіндегі іс.  Дархан Ахмед-Заки, ғылымға қызығушылық тудыру үшін жоғары оқу орындарының қабырғасында жастарды түрлі жобалармен айналысуға қызығышылық тудырып, ғылымға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету керек деген пайымда. Елімізде ғалымдардың ғылыми дәрежелеріне бүгінде 50 АЕК көлемінде үстеме ақы беріледі, баспанамен қамтуға да көңіл бөлігне. Биыл 10 жас ғалым Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан өз пәтерлерінің кілтін алған. Бұның барлығы отандық ғылымға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған іргелі істер болып табылады.

 

 

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/