XVIII-XIX ғасырлардағы жазба деректемелер Орталық Азияның түркі халықтарының әлеуметтік және рухани өміріндегі сопылардың рөлі туралы
«XVIII-XIX ғасырлардағы жазба деректемелер Орталық Азияның түркі халықтарының әлеуметтік және рухани өміріндегі сопылардың рөлі туралы» (AP05133695) – Ғылыми жетекшісі: филол.ғ.к., доцент Молотова Г.М.
1) ӨР ҒА Абу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған А. Йасауидің хикметтерінің аз зерттелген нұсқалары ғылыми айналымға енгізілді. Осы қордағы хикмет мәтіндері А. Йүгнекидің шығармашылығымен салыстырмалы түрде зерттеу үшін қолданылды;
2) Стамбулдағы Ая-Софья кітапханасының қолжазба қорында сақталған А. Йүгнекидің «Атабат-ул хакаик» шығармасының самарқандық нұсқасы зерттелді. Жұмыс барысында ХХ ғасырда жүзеге асқан Ахмед Йүгнеки поэмасының зерттелу деңгейі, оның аудармалары, басылымдары қарастырылды;
3) А. Йүгнеки, А. Йасауи және оның шәкірттері туралы ақпараттар және өмірі туралы мәліметтер енген Ә. Навоидің «Насаʻим ал мухаббат» атты шығармасының ӨР ҒА Абу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған үш нұсқасы, РҒА Шығыс қолжазбалары институтының қолжазба қорындағы екі нұсқасы зерттелді. Осы сопы-ақындар туралы ақпараттың тапшылығына байланысты XV ғасырға жататын бұл қолжазба керемет дереккөзі болды;
4) Ахмед Йүгнекидің «Атабат-ул хакаик» жазбасының қолжетімді нұсқаларына және Өзбекстанның қолжазба қорында сақтаулы қосымша тартылған «Насаʻим ал-мухаббат» жазба ескерткішіне, Ахмед Йасауидің «Диван-и хикмет» қолжазбасының нұсқасына кодикологиялық және палеографиялық зерттеулер жүргізілді;
5) ХІІ ғасырдың екі ойшылы Ахмед Йасауи мен Ахмед Йүгнекидің шығармашылықтарына салыстырмалы зерттеу жүргізіліп, олардың поэзиясының ортақ және ерекше тұстары анықталды;
Жарияланымдар: 10 ғылыми мақала (шетелде жарияланғаны – 4, БҒ СБК ұсынған журналдарда – 2, конференциялар жинағында – 9 (шетеледе – 5) жарияланды, БАҚ-да 1 сұхбат берілді. «Ұйғыр тіліндегі әдебиеттер каталогі» (Анкара, 2019, 460 б.) жарық көрді.