Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілі Шығыстану институтында қонақта

305

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында Иран Ислам Республиксының Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Халықаралық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Али Мурджани Ғуми  мырза қонақта болды.

Али Мурджани Ғуми  мырза институттың бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ғ.М. Дүйсен, институт директорының халықаралық қатынастар және стратегиялық мәселер жөніндегі орынбасары Қ. І. Масабаевпен және жетекші ғылыми қызметкер, ирантанушы ғалым Б.Ш. Батырханмен кездесті.

Кездесу барысында қонағымыз Шығыстану институтының құрылымы, ғылыми құрамы және институтта атқарылып жатқан жұмыстар, ғылыми  жобалар туралы толыққанды мәлімет алды.

Али Мурджани Ғуми  мырза да өз кезегінде институт қызметкерлеріне өзінің ғылыми жұмыстары туралы таныстырып, жылы кездесу үшін рахметін жеткізді.

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары Ғалымжан Мұстахимұлы қонаққа арнайы уақыт бөліп институтымызға келгені үшін зор алғысын білдірді.