«Ғылым және руханият» ЮНЕСКО кафедрасының құрылу тарихы

1256

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы «Ғылым және руханият» ЮНЕСКО кафедрасы 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Ол мәдениеттер мен өркениеттердің рухани дамуын насихаттаумен, мәдениетаралық және дінаралық өзара іс-қимылдарды талдаумен айналысады.

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы «Ғылым және руханият» ЮНЕСКО кафедрасының ашылғаны туралы алғаш рет 2002 жылғы 18-20 қыркүйектегі ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілген «Жібек жолындағы ғылым мен руханият» халықаралық конференциясында  ресми түрде жарияланған болатын. Бұл конференция ғылыми, рухани білімді дамытуда және Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның халықаралық байланыстарын нығайтуда маңызды рөль атқарды. «Ғылым және руханият» кафедрасын құру идеясы 2001 жылғы қазанда өткен «Орталық Азия: XXI ғасырдағы Өркениеттер диалогы» халықаралық конференциясында айтылған. Мақсат – Орталық Азия өңіріндегі өркениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ақпарат алмасу.

2006 жылы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде (Париж қ.) дінаралық түсіністік пен мәдениетаралық диалог бойынша ЮНЕСКО кафедраларының UNITWIN/UNESCO Network – халықаралық желісін құру туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш келісімге сай, UNITWIN/UNESCO Network – халықаралық желісіне бүкіл әлем бойынша ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты «Ғылым және руханият» ЮНЕСКО кафедрасын қосқанда,  ЮНЕСКО-ның 19 кафедрасы кіреді. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д. профессор М.Қ. Әбусейітова.

Кафедра құрудың өзектілігі.

Әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттерге толерантты және объективті көзқарас қалыптастыру, олардың рухани мұрасын түсіну қажеттілігі қоғамның қазіргі даму факторларына байланысты. Бүгінгі таңда белгілі бір мәдениет пен өркениет өкілдерінің тарихи даму мәселелерін біржақты түсіндіру жағы кең етек алып барады. Сондықтан да, мәдениет пен өркениеттердің даму заңдылықтарын объективті талдау – қазіргі таңдағы өзекті мәселе саналады. Осыған орай, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы Өкілдігі ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанынан ЮНЕСКО кафедрасын құру қажеттілігін түсінді. Мәдениеттер мен өркениеттердің рухани даму мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдап, сараптау, ғылыми көзқарастарға жүгіне отырып зерттеу жүргізу басты назарға алынады.

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанынан ЮНЕСКО кафедрасын құру жобасының басты мақсаттарының бірі – ғылым арқылы рухани кеңістік қалыптастыру болып табылады. Жоба ұзақ мерзімді өз ішіне қамти отырып, рухани кемелді, парасатты, мәдениетті тұлғаны жетілдіруді көздейді. Бұл қоғамның орнықтылығы мен баянды дамуының негізі болумен қатар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы алшақтықты азайтуға кепіл болады.

Аталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО кафедрасы ғылыми семинарлар мен конференциялар, тренингтерді жоспарлап және іске асырып, зерттеулер жүргізіп,  ғылыми жарияланымдар мен көрмелер өткізеді.

Кафедра дінаралық, мәдениетаралық, ғылыми-рухани диалог мәселелеріне қызығушылық танытатын зерттеушілерге, оқытушыларға, студент-магистранттарға бағытталған ғылыми және қолданбалы бағдарламаларды жүзеге асырады.

Кафедра серіктестері:

Ресей мәдениеттану институтының Санкт-Петербург филиалы (Ресей)

Ресей-Тәжік славян университеті (Тәжікстан)

Ташкент ислам университеті (Өзбекстан)

Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан)

Молдова мемлекеттік университеті (Молдова)

Тунис университеті (Тунис)

Сент-Джозеф Бейрут университеті (Ливан)

Хайфа Университеті (Израиль)

Бухарест университеті (Румыния)

Тбилиси мемлекеттік университеті (Грузия)

Монаш Университеті (Австралия)

Грац Университеті (Австрия)

Орегон университеті (АҚШ)

Лион католик университеті (Франция)

Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы (Франция)

Бирмингем университеті (Ұлыбритания)

Кембридж университетінің Орталық Азия форумы (Ұлыбритания)

Оксфорд университетінің Исламдық зерттеулер орталығы (Ұлыбритания) және т. б.

https://perpustakaan-baubaukota.projectkoding.com/data/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://fsb.ung.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/https://pria.org/https://epaper.radarlombok.co.id/wp-includes/system/https://bapenda.sumbabaratkab.go.id/link/https://empowerment.co.id/https://simak.id/