Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді

29
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ғылым саласының көрнекті өкілдері – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Қуатқызы Әбусейітова мен экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Дина Әлібиқызы Айтжановаға арналған Бас директордың құттықтауы табысталды.
Іс-шара барысында Р.Б Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры Дүкен Мәсімханұлының құттықтау хатын Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Дүйсен Ғалымжан оқып берді.
Құттықтау барысында мерейтой иелерінің еліміздің ғылымы мен жоғары білімінің дамуына, отандық шығыстану ғылымының қалыптасуы мен өркендеуіне, сондай-ақ жас ғалымдарды тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталып өтті. Дина Әлібиқызы Айтжановаға шығыстану ғылымының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының «Шығыстану ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды.
Институт ұжымы мерейтой иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер мен толайым табыс тілеп, ғылым жолындағы еңбектерінің жемісі еселене беруіне ізгі ниетін білдірді.
slot danahttps://cefta.int/