Ғылыми жоба жолымен. Хорезм сапары.

357
2024 жылдың 28 сәуірі мен 11 мамыр аралығында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүр мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» атты бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында Өзбекстанның Хорезм аймағында ғылыми зерттеу экспедициясына барып қайтты. Экспедиция құрамында белгілі шығыстанушы ғалым, тарих ғыл. докторы, профессор Б. Бабаджанов, тарих ғыл. кандидаттары А.Ш. Нұрманова, Д.Е. Медерова және PhD докторант Б.Д. Дүйсенов болды.
Жоғарыда аталған жоба тақырыбына сәйкес Хорезм аймағындағы арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу мақсатында Қарақалпақстан өңіріндегі Дәуіт ата, Миздақхана, Күнти баба, Пайғамбар қызы, Әбідкерім ишан, Бала әулие, Хакім ата, Ырза ата, Қарамолда, Тоқмақ ата, Жантемір ишан ата және т.б. қорымдардағы эпитафиялар мен Хиуадағы архитектуралық эпиграфикаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді және Қырлыбек Өтетілеуовтің (1954-2017) ұйымдастыруымен ашылған Бекет ата, Қоңыр сопы залын тамашалауға мүмкіндік туды. Хорезм аймағында қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты мол мұраны түгендеп, зерттеу жұмыстары жалғасын табады.
https://pria.org/https://oia.umb.ac.id/https://empowerment.co.id/https://pustakailmiah.id/https://zonasultra.id/https://www.kendariaktual.com/wp-includes/site/https://himaindustri.unpam.ac.id/https://library.iainkediri.ac.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://prakerja.nusatalent.com/file/https://ejournal.insuriponorogo.ac.id/config/https://www.rsudsyamsudin.co.id/gacor/https://eproc.jawapos.co.id/adminlte/plugins/site/https://rskiasawojajar.co.id/