ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫНДА ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

30

2026 жылғы 31 тамызда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ғылыми кеңес өтті.

Жиын барысында 2026 жылғы 25 қыркүйекте өтетін «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасы: Ватикан және Еуропа қорларындағы жаңа деректер мен материалдар» атты халықаралық конференцияны ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Ғылыми іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге бағытталған негізгі міндеттер айқындалып, жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 14 қазанда өтетін «Қазақстан мен Шығыс әлемінің тарихи-мәдени, саяси-экономикалық қарым-қатынастары: тарихы, бүгіні және даму беталысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындық барысы қаралды. Конференцияның ұйымдастыру жұмыстары мен ғылыми бағдарламасына қатысты мәселелер пысықталды.

Жиналыста аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жарық көретін ғылыми жинақты әзірлеуге ерекше назар аударылды. Жинаққа енгізілетін материалдарды жинақтау, редакциялау және баспаға дайындау бойынша міндеттер белгіленді. Осыған орай институт қызметкерлерінің ұжымдық және жеке фотосессиясы ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының 30 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қаралып, алдағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар мен міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар, ұжымға институттың басшылық құрамындағы өзгерістер таныстырылды. Биыл Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры қызметіне Дүкен Мәсімханұлы тағайындалды. Осыған орай, болашақта атқарылатын жұмыстар жоспары жарияланды. Сонымен қатар, Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары лауазымына Бағдат Даниярұлы Дүйсенов тағайындалғаны хабарланды және жаңа қызметіне табыс тіледі.

Жиын барысында еңбек тәртібін сақтау, қызметкерлердің жұмысқа уақытылы келуі және ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері де қаралды. Қызметкерлерге өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, белгіленген жұмыс тәртібін қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Жиналыс соңында күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыланып, институттың алдағы ғылыми және ұйымдастырушылық қызметіне қатысты міндеттер айқындалды.

 

slot danahttps://cefta.int/