Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану интституты 2023 жылы 12 қазан күні Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, көрнекті қытайтанушы-ғалым, белгілі ақын, аудармашы, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай «Қазақстан және Шығыс елдері: тарихи-мәдени һәм саяси ынтымақтастықтың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізуді жоспарлап отыр.

Конференция мақсаты –  қазіргі кезеңдегі шығыстану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысы барысында қазіргі кезеңдегі отандық шығыстану ғылымының даму бағыттары, сонымен қатар филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының өмірі мен ғылыми шығармашылығы, оның отандық шығыстану ғылымына қосқан үлесі талқыланады. Сонымен қатар шығыстану тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты  жүргізілген ғылыми ізденістердің  тұжырымдары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

– Шығыстағы мемлекеттілік мәселелері.

– Шығыс елдерінің деректермелері мен тарихнамасы.

– Қазақстан және Шығыс елдері: ынтымақтастықтың жаңа қырлары.

– Қазіргі қытайтанудың өзекті мәселелері.

– Шығыс елдерінің саяси өмірі және халықтарының тарихы.

– Ежелгі түркілер және Қытай елі: тарих толқынында.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына отандық жетекші және жас шығыстанушы, тарихшы мамандар, қоғамтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

 

Жұмыс форматы: оффлайн / ZOOM платформасындағы онлайн-конференция.

 

Конференция материалдарын қыркүйек айында шығару жоспарланып отыр. Соған байланысты конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді және баяндамаларыңызды (мақалаларыңызды) 2023 жылғы 15 шілдеге дейін жіберулеріңізді өтінеміз.

Байланыс деректері: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, тел.: 8727 261-16-01, +77762262683, E-mail: orientalstudies.kz@gmail.com; saule_tuleshova@mail.ru

Жауапты атқарушылар: Белғожа Ернұр Қуатұлы, Тулешова Сәуле.

Конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары – жіберуші ұйым тарапынан.

 

Конференцияға қатысу үшін Өтінім мен мақала тезистерін Ұйымдастыру комитетінің атына жіберу қажет:

  1. Форма бойынша толтырылған өтінім (төменнен қараңыз);
  2. Басып шығарылған және электронды түрдегі мақала тезистері – көлемі 8 бетке дейін.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі – 8 бетке дейін, MS WORD редакторы, *.doc, *.rtf нұсқаларында.

Файл атауы мақаланың бірінші авторының тегі, аты-жөнінен басталуы қажет.

«Times New Roman» шрифті, кеглі – 14.

Жиектері: үстінен – 2, астынан – 2, сол жағынан – 3, оң жағынан – 1 см.; интервалы – 1.

Мақала атауы – жол әрпімен, қалың қаріппен беттің ортасынан теріледі. Онан соң, арасына интервал салып, автордың фамилиясы және аты-жөнінің бастапқы әріптері, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақшада: қаланың, елдің атауы) көрсетіледі.

Қолданылған әдебиетке жасалатын сілтемені дәйексөз келтіру шамасына қарай, мақала мәтінінде келтіру, мысалы: [5, 39-бет.]. Қолданылған әдебиет тізімі мақаланың соңында көрсетіледі.

Кестелерді MS WORD редакторында көрсеткен жөн.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ОРТАЛЫҚАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ахметов Е.Т.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

(Алматы қ., Қазақстан)

Мәтін… [1, 25-б.]. Мәтін… [2, 47-п.].

Әдебиет:

 Процессы регионализации в Центральной Азии: проблемы и противоречия. Научный доклад. Дадабаева З.А., Кузьмина Е.М. – М.: Институт экономики РАН, 2014. – 55 б.

  1. Central Asia 2050. Unleashing the Region’s Potential. Editors: Rajat M. Nag, Johannes F. Linn, Harinder S. Kohli. – Astana, National Analytical Center, 2016. Published by SAGE Publications India, New Delhi, 2016. – 337 p.
  2. Основные показатели внешней торговли Республики Казахстан за январь-декабрь 2020 года. Статистика внешней и взаимной торговли. Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Бюро национальной статистики // URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (дата обращения: 12.07.2021).

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: __________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы____________________________________________________

Кілт сөздері______________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

Құрметпен, конференцияны Ұйымдастыру комитеті