«ДАЛА ЭКСПЕДИЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ДЕРЕКТЕР ЖӘНЕ ЕЛ БІРЛІГІН ЕСЕЛЕГЕН АЛТАЙ БИ НАЙМАНБАЙҰЛЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Кеше (28.12. 2022 ж.) «Алтай би» қоғамдық қоры бастамасымен, Алматы қаласы әкімшілігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, әл-Фараби атындағы КазҰУ, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университеті, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының ұйымдастыруымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және Ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына отандық жетекші ғалымдар және Түркия, Қырғызстан елдерінің ғалымдары қатысты. Жиында бас қосқан тарихшы-ғалымдар, шығыстанушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мен облысы әкімдіктерінің өкілдері мен жас ғалымдар және Алтай бидің ұрпақтары тарихи тұлға Алтай бидің өмірі мен шешендік өнері, елдікті сақтаудағы рөлі туралы ғылыми баяндамалар жасады.
Конференцияда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Мәсімханұлы қатысып, «Алтай бидің тұлғалық бейнесі туралы» деген тақырыпта баяндама жасады.
Келешек ұрпақтың бойына отаншылдық пен кітап оқу мәдениетін нығайту мақсатында Алтай би ұрпақтары білім алған Алматы облысы Кеген ауданындағы А. Түркебаев атындағы орта мектептің білім алушыларына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары шығарған ғылыми еңбектерден 200 кітап сыйға берілді.