Шығыстану институтының бас директоры Д. Мәсімханұлына Ұлытаудағы жиында “Парасат” ордені табысталды

1012

2022 жылғы 28 қазанда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас директоры, ф.ғ.д., профессор, әйгілі шығыстанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Дүкен МәсімханұлыҰлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында Облыс әкімдігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ғылым және ғылым министрлігі, сонымен бірге Ұлытау Музей-қорығының ұйымластыруымен өткен”Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияны ашқан Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы сөзінің соңында “Президент әкімшілігінің арнайы тапсырмасы бойынша Д. Мәсімханұлына Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 14 қазан күнгі жарлығымен бекітілген “ПАРАСАТ” орденін салтанатты түрде табыс етті.
 Ұлытаудағы ұлы жиында “Парасат” орденімен марапатталуыңызбен Шығыстану институтының ұжымы құттықтайды. Мемлекет тарапынан тапсырылған мәртебелі марапатыңызға құтты болсын айтамыз.