Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық нығая түспек

1545

2022 жылдың 18 наурызында ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойды.

Шығыстану институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлы мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Басқарма Төрайымы-Ректор Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы, келешекте университет пен институт арасында магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-зерттеу практикасы мен тағылымдамадан өту, академиялық кеңестер және симпозиумдар ұйымдарстыру, мамандар мен студенттерді  тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тәрізді көптеген бірлескен игілікті шараларды іске асыруға уағдаласты.

Шығыстану институты Орта Азия аймағын зерттеумен терең айналысады, ал, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті еліміздің оңтүстігінде орналасқан жоғарғы оқу орны болғандықтан, болашақта  көптеген жобаларды бірлесіп орындалатынына сенім мол.