Қытайдағы алқалы жиын алдағы онжылдықтарға қандай өзгерістер енгізеді

499

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазан айының 16-22 аралығында Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының ХХ съезі өтті. Қытай Компартиясының осынау алқалы жиыны әлемдік БАҚ-тың ерекше назарында болды десе де болады. Не себепті? Өйткені, Қытай Коммунистік партиясы мүшелігінде 100 миллионнан астам адамы бар әлемдегі саны жағынан ең алпауыт ұйымның бірі саналады. Ал онда қабылданған шешімдер жақын перспективадағы халықаралық, жаһандық саяси күн тәртібін айқындайды. Ендеше, әлем назарын аударған осы жиында не айтылып, қандай шешім қабылданды? Бұл ретте философия ғылымының докторы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Еркін Байдаровтың сараптамасын ұсынамыз.

* * *

Қытай Компартиясының дәстүрлі съезі сөзсіз ұйым үшін де, Аспанасты елі үшін де тарихи оқиға. Ал XX съез басталмай тұрып, қытай ақпарат құралдары съездің «партиямыздың социалистік мемлекеттік модернизациялауға бағытталған жан-жақты құрылысына қадам жасаған кезеңге дөп шақырылған негізгі сәт» деп жарыса жазған еді. Шындығында да өзі құрылған 1921 жылдан бері Қытай компартиясы қытай социумының өмірінде ерекше рөл атқарып келеді.

Сонымен қатар, Қытай коммунистік партиясы көбінесе қоғамның саяси жүйесінің аса маңызды элементтерінің бірі болып саналатын Аспанасты еліндегі саяси мәдениетті де айқындайды. Бұл ретте саяси мәдениет дегеннің өзі қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі көптеген сұрақтарға жауап беріп, бағыт сілтейтіні белгілі. Мәселен, «ұлт пен мемлекетті қандай өзгерістер күтіп тұр?», «қоғамның саяси өмірінде қатардағы азаматтың рөлі мен міндеттері қандай?» деген секілді сауалдардың бәрі осы – партияның пәрменімен айқындалатын саяси мәдениетте қамтылады.

Бейжіңде өткен Қытай компартиясының ХХ съезіне келсек, онда делегат ретінде 2300-ге жуық, нақтырақ айтқанда 2296 адам қатысқанын атап өту керек. Делегаттардың ішінде ең жасы үлкен қариясы 105 жасқа толған Сун Пин (1917 жылы туған) болды. Мао дәуірін көзімен көрген партия ардагерінің президиумның ашылуына да, съездің жабылу салтанатына да қатысқанын айтсақ, ақсақалдың әлі де тың екенін бағамдауға болады.

Шараның басты оқиғасы XX съез ашылуындағы Қытай компартиясының Бас хатшысы Си Цзиньпиннің баяндамасы болды. Қытай компартиясының лидері өз баяндамасында алдағы бесжылдықты социалистік мемлекетті жаңғырту құрылысын жан-жақты бастайтын негізгі кезең деп атады. Бұл ретте Қытай компартиясы 2020-2035 жылдар аралығында негізінен әлеуметтік модернизацияны жүзеге асырып, 2035 жылдан бастап осы ғасырдың ортасына дейін Қытайды әлемдегі қуатты, бай, демократиялы, өркениетті ғажайып модернизацияланған мемлекетке айналдыру мақсат етіледі.

Алайда, бұндай амбициға қауіпсіздікпен байланысты батыс технологияларына қолжетімділіктің шектелуі, жұмыс іүшінің босаңсуы, ресми Вашингтонмен қарым-қатынастың шиеленісуі, Еуропа, Азия елдерімен сауда, қауіпсіздік, адам құқы мен атерриториялық даулар кедергі келтіруі мүмкіндігі айтылады. Осыған байланысты Си «қытай ұлтының ұлы гүлденуі» және әлеуметтік, экономикалық, мәдение салада лидер ретінде партияның «бастапқы миссиясын» қайта жаңғыртуды атап өтіп, бұл мәселені 1949 жылы партияның билікке келгендегі алтын ғасырына теңегенін айтты. Осының өзі-ақ Қытай компартиясы мен оның көшбасшысының жоспары Қытайды осы ғасырдың орта тұсына таман өркендеген қоғамға айналдырып, алдағы онжылдықтар ішінде Аспанасты елінің саяси, экономикалық және мәдени қуатты ел ретіндегі рөлін қалпына келтіруді көздейтіні айңарылады.

Си Цзиньпин қытайлық модернизацияның бірегей ерекшеліктерін де алға тартады. Мәселен, оның айтуынша, Компартия басшылығымен жүзеге асатын әлеуметтік модернизация «әлемнің әр елдерінің модернизация сипатын қамти отырып, өзіндің ұлттық өзгешеліктерге негізделген қытайлық ерекшеліктерді де қамтиды».

Баяндамасында Си Цзиньпин Қытайдың алдағы уақытта да шапшаң қарқынмен жаңа архитектоникалық дамуды қалыптастыратынын, бұл ретте жоғарысапалы дамуды қолдауға барлық күш-жігер жұмылдырылатынын атап өтеді. Ал бұл бағыт әлеуметтік мемлекеттің модернизацияланған жан-жақты құрылысы үшін бірінші кезектегі міндеттер болып саналады. «Біз дамудың жаңа тұжырымын толығымен, нақты және жан-жақты өмірге енгізуге тиіспіз, әлеуметтік нарықтық экономикаға бағытталған реформаторлық жолды қатаң ұстанып, сыртқы әлемге ашықтығымызды жоғары деңгейде кеңейтуді жалғастырамыз», дейді Қытай лидері. Сидің бұл көздерін қытайдың жаңа архитектоникалық дамуын қалыптастыру үрдісін күшейтпек деп қабылдауға болады.

Шыныдығында, өткен онжылдықта Қытай экономикалық қуатын күшейтуде тарихи серпіліс жасады. Елдің ішкі жалпы өнімі 54 трлн юаньнан 114 трлн юаньға өсті, бұл шамамен 16 трлн АҚШ долларын құрайды. Ал Қытай экономикасының әлемдік экономикадағы жиынтық ауқым үлесі 18,5% жеткен, бұл арқылы Аспанасты елі дүниежүзіндегі екінші орынға шықты. Жан басына шаққандағы ІЖӨ Қытайда 39,8 мың юаньнан 81 мың юаньға өскен, Бұл да қытай жұртшылығының әл-ауқатындағы нақты көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, 2021 жылы Қытай үкіметі елдегі кедейшілікті жойғанын, мемлекет күшінің арқасында елде 800 миллион адам кедейлік шегінен шыққанын мәлімдеді. Сондықтан да, Си Цзиньпин соңғы онжылдықтағы аса маңызды үш оқиғаға мыналарды жатқызды: «Қытай коммунистік партиясының жүзжылдығы»; «жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктегі социализм» және «Қытай компартиясының жүзжылдығы қарсаңындағы кедейлікті интенсивті жоюдың тарихи міндеті».

ХХ съез барысында Компартия Жарғысына енген өзгерістер де қабылданды. Жалпы алқалы жиын қорытындысыне келсек, партияның және елдің басшысы ретінде Си Цзиньпиннің позициясы біршама күшейтілді. Бұны бірнеше себептермен де байланыстыруға болады. Бріншіден, Си Цзиньпин мықты саяси позициясынан айырылған жоқ, оның басшылығындағы онжылдық ең күрделі кезеңдерге тап келсе де, ол Қытайды шығынға батырмастан, тіпті кейбір қиын жағдайда елдің жеңісін паш ететін жетістіктермен алып шықты. Бұған кезіндегі Трамптың нұсқауымен өрбіп, бірақ ештеңе бітіре алмаған АҚШ-пен сауда соғысын да жатқызуға болады. Жаһандық пандемия басталғанда да белгілі бір деңгейде Қытайға қатысты айыптаулар болғанымен, ақырында ешнәрсе нақты дәлелденген де жоқ, есесіне Қытайдың өзі ұлттық карантиннен алғашқы болып шықты, сосын түрлі шектеулерге қарамастан пандемияға байланған 2020 жылы Қытай экономикасы өөсім көрсетті. Екіншіден, қазіргі кедергілерге, жаһандық бәсеңдеушілікке қарамастан. Қытай экономикасы бәрібір бақуатты көрінеді. Үшіншіден, Си Цзиньпин басшылықта болған 2012-2022 жылдары ол ұлттық лидер ғана емес, басқарушы партияның саяси ядросына, яғни мемлекетті дамыту мен басқару құрылысы жасақталатынірі саяси күшке, соның символына айналды.

Қытай компартиясының 2022 жылғы 22 қазанда өткен қорытынды отырысында ҚКП Орталық комитетінің 205 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді. Күтпеген жерден, бұл құрамға Қытайдың саяси элитасы саналып келген көрнекті тұлғалары енбей қалды: Ли Кэцян —ҚХР Мемкеңесінің басшысы (үкімет), Қытай экономикасының негізгі басшыларының бірі; Ван Ян — Саяси Бюро Тұрақты комитетінің мүшесі және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі (қоғамдық палата) басшысы; Хань Чжэн — бірінші вице-премьер, Саяси бюро мүшесі; Лю Хэ — вице-премьер, Қаржы және АҚШ-пен сауда келіссөздерін басқарушы; Ян Цзечи — бұрынғы СІМ, Саяси бюро мүшесі және ОК кеңсесінің сыртқы істер жөніндегі басшысы. Ал алдыңғы 19-шы шақырылымнан ОК жаңа құрамында тек 71 адам қалды. 205 адамның 169-ы 63 жасқа толмаған жастар, бұл — олардың саяси карьерада перспективасы бар екенін, алда ОК 2027 жылы болатын XXI съезінде қайта сайлану мүмкіндігі тұрғанын білдіреді.

23 қазанда ҚКП ОК бірінші пленумында Саяси кеңестің де жаңа құрамы бекітіліп, ондағы 24 адамның жетеуі жаңа тұлға болып шықты. Ең қызығы Қытай басшылығының басқа мүшелеріне қатысты жүзеге асып жатқан екі кезеңдік шектеулерге қарамастан, Си Цзиньпин бас хатшы лауазымын әрі қарай атқара беретін болып сақтап қалды. Бұл шешім де қытай билігінің құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Осылайша, Мао Цзэдун дәуірінен бері ҚКП ОК Бас хатшысы лауазымына бір тұлғаны үшінші рет қалдыру туралы шешім қабылданған. Ал 2023 жылдың наурыз айында Си Цзиньпин елдегі ең басты мемлекеттік лауазым – ҚХР Төрағасы болып қайта сайланатыны да еш шүбәсіз. Өйткені, 2018 жылы ҚХР төрағасы лауазымы өкілеттігін екі мерзіммен шектеуді алып тастау туралы конституцияға өзгерістер қабылданып қойған.

Жалпы алғанда Қытай Коммунистік партиясы ХХ съезінің қорытындылары әлемдік БАҚ-та әлі талай талқыланатыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен, қазірдің өзінде ҚКП тарихи съезі Аспанасты елінің дамуындағы жаңа парақты ашатыны туралы қорытынды жасай беруге де болады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/kazakstan-kytay-katynasy-ushin-bir-beldeu-bir-zhol-bastamasynyn-zhana-dauiri-bastalady_a3994567

 

 

https://pria.org/https://rsudsidoarjobarat.sidoarjokab.go.id/https://empowerment.co.id/https://newepaper.jawapos.co.id/thumbnail/dist/https://rskiasawojajar.co.id/https://bantenheadline.com/wp-includes/files/https://satvika.co.id/https://baritoutarakab.go.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://pafiaekkanopan.org/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://bmn.iainkediri.ac.id/https://icrcnewsroom.org/https://pmb.umus.ac.id/