Чунцин әлеуметтік ғылымдар академиясы делегациясының сапары

71
2025 жылғы 23 қыркүйекте Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында ҚХР-дың Чунцин әлеуметтік ғылымдар академиясынан келген делегациямен кездесу өтті.
Кездесуде алғаш сөз алған Институттың бас директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы қонақтарға Шығыстану институтының тарихы, тыныс-тіршілігі, ғылыми кадрлар құрамы, ғылыми-зерттеу бағыттары, халықаралық байланыстары жайлы кеңінен мағлұмат берді.
🤝 Кездесу барысында тараптар:
🔹 «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы өзара ықпалдастық,
🔹 Орталық Азияда трансшекаралық ғылыми байланыстарды дамыту,
🔹 Сараптамалық және ғылыми-зерттеу орталықтар арасындағы серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.
👤 Делегация құрамында:
• академияның вице-президенті Jiang Pengqiao,
• кадр департаментінің директоры Chen Qi,
• жетекші зерттеушілер мен бөлім басшылары болды.
🌍 Екіжақты ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған бұл кездесу – Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік.
slot danahttps://cefta.int/