ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 2022 жылғы қазанның 22-і күні  «Жаңа Қазақстан һәм Шығыс әлемі: ынтымақтастық тарихы, болашағы және өзекті мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты – 25-қазан Республика күніне орай және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, сондай-ақ, өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау, проблемалары мен перспективаларын қарастыру.

Төмендегі бағыттар бойынша конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарланып отыр:

  • Қазақстан, Орталық Азия мен Шығыс елдері халықтарының тарихы, діні және мәдениетіне қатысты жаңа шығыс және батысеуропалық жазбаша, мұрағаттық, ауызша материалдар, артефактілер;
  • Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы саласындағы сыртқы саяси трансформациялар;
  • Қауіпсіздікті нығайту мен СВМДА, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ тәрізді ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытудағы қазақстандық бастамалар контексіндегі «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» диалогы;
  • Жібек жолы дамуының тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық аспектілері;
  • Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі;
  • Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен Шығыс елдеріне жасайтын ықпалына баға беру.

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына 2022 жылғы 6  қазанға дейін мақаланың тақырыбы, 14  қазанға  дейін баяндамалар   orientalstudies.kz@gmail.com, shighistanu@mail.ru  электрондық адрестеріне қабылданады.

Жұмыс форматы: оффлайн / ZOOM платформасындағы онлайн-конференция.

Байланыс деректері: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, тел.: 8727 261-16-01, 87472945154 Назерке. E-mail: shighistanu@mail.ru,   orientalstudies.kz@gmail.com;

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

  1. Форма бойынша толтырылған өтінім (төменнен қараңыз);
  2. Басып шығарылған және электронды түрдегі мақала тезистері – көлемі 8 бетке дейін.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемі – 8 бетке дейін, MS WORD редакторы, *.doc, *.rtf нұсқаларында.

Файл атауы мақаланың бірінші авторының тегі, аты-жөнінен басталуы қажет.

«Times New Roman» шрифті, кеглі – 14.

Жиектері: үстінен – 2, астынан – 2, сол жағынан – 3, оң жағынан – 1 см.; интервалы – 1.

Мақала атауы – жол әрпімен, қалың қаріппен беттің ортасынан теріледі. Онан соң, арасына интервал салып, автордың фамилиясы және аты-жөнінің бастапқы әріптері, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақшада: қаланың, елдің атауы) көрсетіледі.

Қолданылған әдебиетке жасалатын сілтемені дәйексөз келтіру шамасына қарай, мақала мәтінінде келтіру, мысалы: [5, 39-бет.]. Қолданылған әдебиет тізімі мақаланың соңында көрсетіледі.

Кестелерді MS WORD редакторында көрсеткен жөн.

 МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ОРТАЛЫҚАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Ахметов Е.Т.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

(Алматы қ., Қазақстан)

Мәтін… [1, 25-б.]. Мәтін… [2, 47-п.].

 

Әдебиет:

 Процессы регионализации в Центральной Азии: проблемы и противоречия. Научный доклад. Дадабаева З.А., Кузьмина Е.М. – М.: Институт экономики РАН, 2014. – 55 б.

  1. Central Asia 2050. Unleashing the Region’s Potential. Editors: Rajat M. Nag, Johannes F. Linn, Harinder S. Kohli. – Astana, National Analytical Center, 2016. Published by SAGE Publications India, New Delhi, 2016. – 337 p.
  2. Основные показатели внешней торговли Республики Казахстан за январь-декабрь 2020 года. Статистика внешней и взаимной торговли. Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Бюро национальной статистики // URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (дата обращения: 12.07.2021).

Құрметпен, конференцияны Ұйымдастыру комитеті

 

 «Жаңа Қазақстан мен Шығыс әлемі: ынтымақтастық тарихы, болашағы және өзекті мәселелер»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына

қатысушының өтінімі

 Аты-жөні (толық) ___________________________________________________________________

 

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________

 

Қызметі: ________________________________________________________________________

 

Ұйымның толық атауы: _______________________________________________________

 

Байланыс телефоны: _______________________________________________________________

 

Автордың мекенжайы:______________________________________________________________________

 

Факс, e-mail _______________________________________________________________________

 

Мақаланың қысқаша аннотациясы:___________________________________________________________