Шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі мерекелік медальмен марапатталды

1900

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы Ислам институттарының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті, – деп хабарлайды https://www.muftyat.kz/ сайты.

Конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 2000-2013 жылдары басқарған, белгілі шығыстануы ғалым, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының кеңесшісі Әбсаттар қажы Дербісәлі «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Деректер мен фотолар https://www.muftyat.kz/ сайтынан алынды.