«Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Сізді 2022 жылдың 29-30 маусымына жоспарланып отырған «Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері: қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Үдемелі геосаяси тұрлаусыздық және болжап болмайтын қазіргі кездегі жағдайда, Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық елдері, нақтырақ, Шығыс елдерімен ұжымдық қауіпсіздікті қамсыздандырып, жаһандық және аймақтық сипаттағы проблемаларды шешу мақсатында, тиімді ынтымақтастық пен әрекеттестіктің басты бағытын жасауы қажет. Осыған байланысты, жаһандық қатерлер мен сын-тегеуріндер жағдайында, қауіпсіздік пен сенімді бейбітшілікті қамтамасыздандыру мақсатында, әлем елдерінің сыртқы саясаттарының стратегияларын қайта жүктеу күтіп тұр. Бұл Қазақстанның сыртқы саясатын тиімді ғылыми сүйемелдеуге, еларалық ынтымақтастықты нығайтуға, Шығыс елдеріндегі аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, сыртқы саяси және экономикалық саладағы мемлекеттік құрылымдардың қызығушылығын тудыратын маңызды ұсынымдар жасау жолында ғылыми тәсілдерді әзірлеуді шарттайды.
Конференция «Шығыс елдерімен ынтымақтастықты дамыту және өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру контексіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты» атты ҚР БҒМ Мақсатты қаржыландыру бағдарламасын іске асыру аясында өткізіледі.
Осы конференцияны өткізу мақсаты – аймақтық қауіпсіздік жүйесі және Шығыс елдерімен ынтымақтастық контексінде шынайы уақыт режимінде Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының моделін құру туралы негізгі ұсыныстарды ғылыми тұрғыдан пайымдап, әзірлеу.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Қазақстан мен Шығыс елдерінің ынтымақтастығын нығайтудағы ғылыми тәсілдемелер;
- Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастық саласындағы сыртқы саяси өзгерістер;
- Өзгермелі әлімдегі Қазақстан мен Шығыс елдерінің экономикалық дамудағы проблемалары;
- Геосаяси шиеленісушілік пен жаһандық қауіп-қатердің өсімі жағдайындағы Азия кеңістігінің қауіпсіздігі;
- Өзгермелі әлем дамуының салдары және олардың Қазақстан мен Шығыс елдеріне жасайтын ықпалына баға беру.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына өтінімдер мен мақалалар 2022 жылдың 1 маусымына дейін orientalstudies.kz@gmail.com; rakhatai@list.ru электрондық адрестеріне қабылданады.
Жұмыс форматы: оффлайн / ZOOM платформасындағы онлайн-конференция.
Байланыс деректері: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты: Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, тел.: 8727 261-16-01, +77714034225, E-mail: orientalstudies.kz@gmail.com; rakhatai@list.ru
Жауапты атқарушылар: Шаймарданова Нәзигүл Жасұлановна, Бекмұрат Рахат Бегімқызы.
Конференцияға қатысу үшін Өтінім мен мақала тезистерін Ұйымдастыру комитетінің атына жіберу қажет:
- Форма бойынша толтырылған өтінім (төменнен қараңыз);
- Басып шығарылған және электронды түрдегі мақала тезистері – көлемі 8 бетке дейін.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Көлемі – 8 бетке дейін, MS WORD редакторы, *.doc, *.rtf нұсқаларында.
Файл атауы мақаланың бірінші авторының тегі, аты-жөнінен басталуы қажет.
«Times New Roman» шрифті, кеглі – 14.
Жиектері: үстінен – 2, астынан – 2, сол жағынан – 3, оң жағынан – 1 см.; интервалы – 1.
Мақала атауы – жол әрпімен, қалың қаріппен беттің ортасынан теріледі. Онан соң, арасына интервал салып, автордың фамилиясы және аты-жөнінің бастапқы әріптері, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымның атауы (жақшада: қаланың, елдің атауы) көрсетіледі.
Қолданылған әдебиетке жасалатын сілтемені дәйексөз келтіру шамасына қарай, мақала мәтінінде келтіру, мысалы: [5, 39-бет.]. Қолданылған әдебиет тізімі мақаланың соңында көрсетіледі.
Кестелерді MS WORD редакторында көрсеткен жөн.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ОРТАЛЫҚАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ахметов Е.Т.
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
(Алматы қ., Қазақстан)
Мәтін… [1, 25-б.]. Мәтін… [2, 47-п.].
Әдебиет:
- Процессы регионализации в Центральной Азии: проблемы и противоречия. Научный доклад. Дадабаева З.А., Кузьмина Е.М. – М.: Институт экономики РАН, 2014. – 55 б.
- Central Asia 2050. Unleashing the Region’s Potential. Editors: Rajat M. Nag, Johannes F. Linn, Harinder S. Kohli. – Astana, National Analytical Center, 2016. Published by SAGE Publications India, New Delhi, 2016. – 337 p.
- Основные показатели внешней торговли Республики Казахстан за январь-декабрь 2020 года. Статистика внешней и взаимной торговли. Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан. Бюро национальной статистики // URL: https://stat.gov.kz/official/industry/31/statistic/6 (дата обращения: 12.07.2021).
Құрметпен, конференцияны Ұйымдастыру комитеті
«Өзгермелі әлемдегі Қазақстан мен Шығыс елдері:
қауіпсіздік және ынтымақтастық проблемалары»
атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына
қатысушының өтінімі
Аты-жөні (толық) ___________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________________
Қызметі: ________________________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: _______________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________________________
Автордың мекенжайы:______________________________________________________________________
Факс, e-mail _______________________________________________________________________
Мақаланың қысқаша аннотациясы:___________________________________________________________