Министр Асхат Аймағамбетов профессор Дүкен Мәсімханұлын туған күнімен құттықтады

1923

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов белгілі қытайтанушы ғалым, ф.ғ.д., профессор, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлын туған күнімен құттықтады.

ҚР Білім және ғылым минстрі Асхат Қанатұлы өз құттықтау хатында: “Зиялылық пен парасаттылықтың биігінен көрініп, туған ел үшін атқарып жатқан ерен еңбегіңіз елеулі болып, еліміздің игілігі жолында халыққа абыроймен еңбек ете беріңіз.

Бүгінгідей қуанышты күні Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыңызға амандық тілеймін” деп жазды.