«ELSEVIER» компаниясымен халықаралық ынтымақтастық

851

2022 жылдың 4 сәуірінде бас директор, ф.ғ.д., профессор Д. Мәсімханұлы және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері «ELSEVIER» компаниясының Орталық Азия мен Әзірбайжан бойынша Аймақтық жетекшісі Дамир Рахметовпен кездесті.

«ELSEVIER» («ЭЛЬЗЕВИР») – ғылыми-техникалық, медициналық әдебиет бойынша әлемдегі аса ірі баспа және ғылым мен білім саласындағы ақпараттық шешімдердің провайдері.

Кездесуде Институттың зерттеу ландшафты мен оның даму потенциалы, сонымен қатар, сандық және сапалық көрсеткіштер, Институттың осы индикатор бағытын жаңа дәрежеге қалай көтеруге болады деген мәселелер талқыланды.

Екіншіден, Институттың «Шығыс» журналын «Scopus» деректер базасына қосу туралы мәселе талқыланып, осы бағытта консультациялық қолдау көрсету тұрғысынан компаниямен бірлесе отырып жұмыс жасау туралы шешім қабылданды. Рейтингті көтерудің маңызы тек шығыстану саласында ғана емес, журналдың өз даму потенциалы мен осы бағыттағы жаңа мақалаларды тартуда да.

Үшіншіден, «THE» және «QS» рейтингтік агенттіктеріндегі рейтингке әсер ететін сандық, ғылымиметрикалық, сапалық көрсеткіштерді жақсарту мәселелері қарастырылды. Сапа болып табылатын «FWCI» маңызды көрсеткіштерінің бірі – цитаттаудың орташа сарабдал индексі және ол білімнің барлық саласында қолданылған. Оны жақсарта отырып, Институттың рейтингтік позицияларын да көтеруге болады. Талқылаудың соңында, Институт басшылығы ынтымақтастықты жалғастыру, нақты бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайындық, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін іздеуге қызығушылық танытқан «ELSEVIER» компаниясының жетекшісіне өз алғысын білдірді.