Меруерт ӘБУСЕЙІТОВА: Өз тарихыңызды білмей қалайша жер басып жүрсіз?

1241

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ЮНЕСКО «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі Әбусейітова Меруерт Қуатқызы «Адырна» ұлттық порталына арнайы сұхбат берген еді. «Тарих» тақырыбын кеңінен қозғаған сүбелі сұхбатымызды оқырман қауымға ұсынамыз.

– Өзіңіз бас болып іске асырып жатқан «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» жобасы туралы әңгімелеп берсеңіз…

– «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобасы. Бұл бағдарлама алғаш рет пәнаралық байланыс деңгейінде жүзеге асып жатыр. Яғни бұған онға жуық білім және ғылым орталықтары мен институттар кіреді.

Жалпы біз еліміздің тарихын дәлме-дәл деректермен зерттейміз. Нақты тарихи дереккөздердің арқасында «біз кімбіз?», «қашан келдік?» деген сұрақтардың жауабын іздейміз. Бұл біріншіден. Екіншіден, келтірілген әрбір факт обьективті болу керек. Обьективтілік дегеніміз – тарихи жазбаша деректерге сүйене отырып, мәселеге жан-жақты келе білу. Жоғарыда айтылғандай өзі түпнұсқалық болып саналатын нақты дерекке бұра тарту тұрғысынан емес, барынша шынайы қалпында сараптауға әрекет етеміз. Сөйтіп теңдесі жоқ құнды деректердің қыр-сырын ашамыз. «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдік мұрағаттардан, музей қорларынан табылған жәдігерлерлерді жинап, сұрыптап, талдап жатырмыз. Бүгінгі күнге дейінгі сақталған моңғол, парсы, түрік және тағы басқа тілдердегі мәліметтерді жинақтадық. Әлі де шет елдерден іздеп, көшірмелерін әкелудеміз. Міне, сол себептен жобаға көбіне шет тілдердегі тарихи жәдігерлерімізді оқи алатын мамандар көптеп тартылуда. Жинақталған мәліметтерді зерттеу, сараптау мақсатында шығыстанушы, тарихшы, археолог, лингвист, геоархеолог, антрополог т.б. басқа білікті мамандар тартылған. Себебі, археологтар жәдігерлерді жер астынан іздеп тапқанымен, жазуды оқи алмайды. Ары қарай генетиктер көмекке келеді. Бұл жәдігердің қай ғасырға жататынын, қай тайпадан екенін, қай рудан екенін нақтылап береді. Одан кейін шығыстанушылар мен лингвистер мәтінді оқиды. Әртүрлі сала мамандарының бірлескен нәтижесіне ғана жобамыз сәтті жүзеге асып жатқан жайы бар.

– Өзіңіз шет елдің архивтерінен жақында оралыпсыз. Қандай құнды олжалармен елге жеттіңіз?

– «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» мен «Архив – 2025» бағдарламасы арқылы бірнеше шетелдерге барып қайттым. Өз жеріміздегі және алыс-жақын шет елдердегі қазақ тарихына қатысы бар мәдени, рухани құндылықтарымыз, археографиялық және сәулет туындылары, жазба және көркем әдебиет қолжазбаларын жинақтап алып келдім. Енді жоба аясында жарыққа шығатын ғылыми кітаптарға топтастырмақшмыз. Әрине, жалғыз өзім емес. Тарихшылар болып әуелі британдық кітапханаларда, түрлі музейлерде, Оксфордта, Париждің ұлттық кітапханасында, Луврдағы әлемдік танымал мұражайда тарихи жәдігерлермен, түрлі тарихы терең мұрағаттарда сағаттап отырып жұмыс жасадық. Біз Қазақстан тархына қатысты арабша, парсыша, түрікше, қытайша жазылған көптеген қолжазбалар әкелдік. Біздің ендігі міндетіміз – «Архив-2025» бағдарламасы арқылы құнды жәдігерлердің көшірмелерін, карталарын, саяхатшылардың құжаттарын өз игілігімізге жарату. Әуелі табылған тың деректерді ғылыми айналымға енгізіп, кейіннен көпшілік қауымға кеңінен таныстыру.

– Қазіргі жастар тарихты қаншалықты біледі деп ойлайсыз?

– Қазіргі жастар түк те білмейді. Бұған кінәлі өзіміз, біріншіден бізде қажетті оқулықтар жоқ. Мектептен бастап университетке дейінгі оқылатын кітаптар көңілден шықпайды. Міне, осы себептен “Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті” жобасы іске асырылып жатыр. Екіншіден, білікті мамандар аз. Сондықтан, біз өз еліміздің білімді, тіл білетін мамандарын дайындауымыз керек. “Архив-2025” бағдарламасы бойынша біз археографиялық қауымдастық ұйымын құрдық. Бұл қауымдастықтың негізгі міндеті – шетелдік архивтерді игеріп қана қоймай, жас мұрағаттанушыларды дайындау. Олар қазір шығыс, батыс тілдерін жетік білуі тиіс. Біздің жастар мұрағаттанушы болуы үшін оқу орындарына да арнайы сол мамандықты енгізу керек. Себебі, біздің Қазақстан ескерткіш тастарға, жалпы тарихқа өте бай. Бар дүниемізді тез арада зерттеп, сырын ашу керек. Археологиялық қауымдастың екінші міндеті – жас мамандарға жаздық мектептер ұйымдастыру. Осы мектептердің арқасында жастардың тарихи түсінігі кеңейеді, қызығушылығы артады. Өзіңіз айтыңызшы, қазақ халқы өз тарихын толыққанды білмей, меңгермей жатып, қалай жер басып өмір сүрмек? Өткенің, болашағың емес пе? Сондықтан мен қазір күш-қуатыммен, тәжірибем бар кезде жастарға білгенімді үйретіп кеткім келеді.

– Тарихшылардың айлығы 50 мыңнан аз ғана асады екен. Неге бұлай төмен? Әлде тарихтың төмен бағаланғаны ма?

– Әрине, ғылымға келгенде қаражат көп салынуы керек. Себебі ғалымдардың жағдайы дұрыс болмаса, ғылым қалай өркендейді? Ал

қалтада ақша болмаса, ғалымдар бір емес, бірнеше жұмыс жасауға мәжбүр болады. Дегенмен, біздің жаңа президент Тоқаев қазір ғылымға көңіл бөле бастады. Болашақта әр жыл сайын жалақы да, археологиялық, мұрағаттық экспедициялар да көбейетін секілді. Ал жалақы көбейсе, осы салада жұмыс істеуші мамандардың да артатыны сөзсіз. Сондықтан мен жастардың тарих саласына қарай ойысқанын қатты қалаймын.

– “Қазақстан тарих сахнасынан жоғалып кетуі мүмкін” деген пікірлерді естіп жатырмыз. Бұл қаншалықты рас?

– Менің ойымша, мен баяндап жатқан қазіргі бағдарламалар дер кезінде енгізілген секілді. Бұл бағдарламалық құжаттар біздің тарихымыз бен мәдениетімізді ұмытып кетпеу үшін аса қажет. Ал тарихты ұмытпасақ, ертеңіміз үшін әрекет ете алатынымыз сөзсіз. Сондықтан санамызда Қазақстан тарих сахнасынан жоғалып кетеді деген қорқыныш болмауы керек.

– Бүгінгінің ең мықты тарихшысы кім?

– Бүгінгі таңда қазақ халқының тарихы үшін өшпес із қалдырып кеткен тарихшылар көп-ақ. Дегенмен солардың ізін жалғап келе жатқан, көзі тірі тарихшылардан Мәмбет Құлжабайұлы, Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов, Талас Омарбековтарды айтар едім. Ал археологтардан Зейнолла Самашов, Тимур Смағұлов, Лейла Жансүгірова, Нәпіл Базылхандарды ерекше атап өтемін.

– “Қазақстан тарихын Тəуелсіздіктен бастап оқытайық” дегенді естіп жатырмыз. Бұл шынында Елбасының еңбегін тереңдетіп оқытайық дегеннен шыққан екен. Сіздіңше, бұл дұрыс па?

– Әрине, Қазақстан тарихын тереңдетіп оқытқанды қолдаймын. Біздің жастар тарихты біле бермейді, сондықтан қай кездегі тарихты болса да оқу керек.

– Жаңа қазіргі тарих оқулықтарына көңіліңіз толмайтынын білдіріп қалдыңыз. Осы жөнінде толықтырып айтып кетсеңіз…

– 2004 жылдан бастап бізде алғаш рет “Мәдени мұра” деген бағдарлама жүрді. Осы жоба жүзеге асырылып жатқанда тарихшылар болып Қытайға іс-сапармен бардық. Құр қол қайтпай тарихымыздан сыр шертетін 147 000 құжат алып келдік. 2013-2016 жылдар аралығында “Халық – Тарих толқынында” бағдарламасы жүзеге асты. Ал енді қазір “Архив – 2025” және “Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті” жобалары жүзеге асып жатыр. Міне, осыларға қарап тарихымызға көңіл бөлініп жатқанын байқауға болады. Расымен, қазіргі оқулықтардың нашар екені рас. Енді болашақта жоғарыда аталған бағдарламалар ойдағыдай орындалып жатса, оқулықтарға да өзгеріс енетіні сөзсіз.

– Егер өмірді қайтадан бастасаңыз, қайтадан тарихшы болар ма едіңіз?

– Мен мектепте оқып жүргенде-ақ, қазақ тарихы үшін жанымды саламын деп өз-өзіме уәде бергенмін. Сол кезде кеудемді намыс кернеп тұратын. Себебі орыстардың тарихы қалың, жуан кітап болады да, біздікі жұп-жұқа, кішкентай ғана кітап еді. Ашу мен намыс бойымды кернегені соншалық, тарихтың оқуын оқыдым, бұл салаға жанымды салдым. Міне, сөйтіп жүріп қалайша түрлі ғылыми кітаптардың дүниеге келуіне себепші болғанымды аңғармай да қалдым. Бір сөзбен айтқанда, мен жүзінші рет өмірге қайта келсем де тарихшы болар едім.

Сұхбаттасқан Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

Дереккөз: https://adyrna.kz/post/25393

https://www.pria.org/https://ula.kemendagri.go.id/https://fkip.unsulbar.ac.id/https://rskiasawojajar.co.id/https://satvika.co.id/https://lpmpp.unib.ac.id/https://cefta.int/https://terc.lpem.org/https://empowerment.co.id/https://pgsd.fkip.unsulbar.ac.id/https://ilmuhukum.unidha.ac.id/http://ebphtb.linggakab.go.id/https://gizi.poltekkespalembang.ac.id/https://eproc.jawapos.co.id/https://lppm.unika.ac.id/