Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласы қызметкерлерін құттықтады

1012
Кеше (12 сәуір, 2021 ж) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы күнге орай өзінің Twitter парақшасында: “Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет“, – деп жазды. 
Айта кетелік, 12 сәуір – ҚР ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Аталмыш мереке 2011 жылың 22 қазан күні Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. 2012 жылдан бастап аталып өтіп келеді. Сонымен бірге, 12 сәуір академик, ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Ұлы тұлғаның дүниеге келген күніне орай өтетін айтулы мереке ғылым саласы қызметкерлерінің мерейін асырып, шығармашылық қуатын арттырары даусыз.
shygystanu.kz сайты